Студенттер үйінде 12-ші ақпанда жаратылыстану кафедрасы доценттері химия ғылымының кандидаттары Б.М.Жұмағалиева мен Қ.А. Әбдіхалықованың ұйымдастырумен химия мамандығының 2 курс студенттері Сакен Айкүміс пен Мади Раушан дайындаған «Білгірлер сайысы» атты интеллектуальды ойын өткізілді.

Баяндамада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «2050 Стратегиясының» негізгі бағыттарына тоқталды. Президенттің сөздері мен портреттері слайд түрінде презентация жасалды.

17 қантар 2014 жылы ҚМПИ жаратылыстану ғылымдар кафедрасы Қостанай қалалық мектептерімен бірлесіп жұмыс істеу жөніндегі келісім шарт бойынша Қостанай қаласының білім беру әкімдігінің ММ №10 орта мектебінің аға оқытушысы Н.С. Бекбосыновамен «Мастер класс» өткізілді.

16 қаңтар 2014 жылы ҚМПИ жаратылыстану ғылымдары кафедрасы мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастық аясында география мамандығының 4 курс студенттеріне семинар өткізілді. Семинарға Физика-математика лицейінің мұғалімі Тимчук Ю.В. және М.Горький атындағы гимназия мұғалімі Мукаева Р.Ж. шақырылды. Сонымен бірге ЖМФ деканы Қонысбаева Д.Т., жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі Таурбаева Г.О., және география мамандығының оқытушылары Баубекова Г.К., Омарова К.И., Баймаганбетова К.Т., Ахметова Э.Б., Коваль В.В., Жусупова А.У. және қазақ және орыс бөлімдерінің 4 курс студенттері қатысты.

2013 жылдың, желтоқсан айының 25 жұлдызында жаратылыстану-математика факультетінің, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының, «География» мамандығының 4 курс студенттері «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясын «Қостанай қаласының №2 Балалар үйінде» өткізді.

2013 жыл, желтоқсанайының 11 жұлдызында, Жаратылыстану – математика факультеті, «Биология» мамандығының 1 курс (үштұғырлы тіл бөлімі) студенттері куратор сағатынөткізді. Тәрбие сағатының тақырыбы «Туған жердей жерболмас, туғанелдей ел болмас». Желтоқсан наразылық шеруіне қатысқан филология ғылымдарының кандидаты К.Т Нурмагамбетова мен кездесу өтті. Осы кездесу студенттердің патриоттық сезімін күшейтті.

2013 жыл желтоқсан айының 11 жұлдызында, 707 аудиторияда «Салауатты өмір салтын құрау» тақырыбында кураторлық сабақ өтті. Іс-шараны өткізген «Биология» мамандығы, орыс бөлімі, 3 курс студенттері. Сабақ барысында келесі сұрақтар қарастырылды: 1. Алкоголь зияны 2. Темекі шегу зияны 3. ЖИТС – адамзат өмірінің қатері Куратор - Орманбекова Д.О.

2013 жылы 4 желтоқсанда «Алау» телеарнасындағы «Көкейтесті сұхбат» бағадарламасында «Маскүнемдік – ғасыр дерті» тақырыбы бойынша ҚМПИ Жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану кафедрасының доценті Баян Оразымбетоваға сұхбат берді.

2013 жыл караша айының 29 жұлдызында, «Химия» мамандығы студенттері Еліміздің Бірінші Президенті күніне арналған кураторлық сабақ өткізілді. Қазақстан Республикасының Алғаш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жасаған еңбектері туралы студенттердің білімін тереңдету, егемен, демократиялық, және көркейіп келе жатқан мемлекет тарихындағы Елбасымыздың қосқан үлесін ашу.

2013 жыл караша айының 29 жұлдызында, сағат 13.30 А-203 аудиториясында, Еліміздің Бірінші Президенті күніне арналған кураторлық сабақ өткізілді. Мақсаттары:Қазақстан Республикасының Алғаш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жасаған еңбектері туралы студенттердің білімін тереңдету, егемен, демократиялық, және көркейіп келе жатқан мемлекет тарихындағы Елбасымыздың қосқан үлесін ашу.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті