«География сабағында зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» атты семинар
- Подробности
- Опубликовано: 16 января 2014
16 қаңтар 2014 жылы ҚМПИ жаратылыстану ғылымдары кафедрасы мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастық аясында география мамандығының 4 курс студенттеріне семинар өткізілді. Семинарға Физика-математика лицейінің мұғалімі Тимчук Ю.В. және М.Горький атындағы гимназия мұғалімі Мукаева Р.Ж. шақырылды. Сонымен бірге ЖМФ деканы Қонысбаева Д.Т., жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі Таурбаева Г.О., және география мамандығының оқытушылары Баубекова Г.К., Омарова К.И., Баймаганбетова К.Т., Ахметова Э.Б., Коваль В.В., Жусупова А.У. және қазақ және орыс бөлімдерінің 4 курс студенттері қатысты.
Тимчук Ю.В. білім беру саласының құрметті қызметкері, география пәнінің ең жоғарғы санатты мұғалім, ол өзінің сабақ жүргізудің, қосымша сабақтарды ұйымдастырудың бай тәжірибесі туралы баяндады.
Мукаева Р.Ж. М.Горький атындағы гимназияның жоғары санатты мұғалімі, ол оқушыларының ғылыми-зерттеушілік жұмыстары туралы айтты. Мұғалімдер география сабағында зерттеу жасаудың маңыздылығын ерекше атап кетті, сонымен қатар география сабағының шексіз мүмкіндіктері бар екендігін айтты.
Студенттер зейінмен тыңдап, өздеріне қажет сұрақтарды қойып, жауап алды. Семинар жоғары әдістемелік деңгейінде өтті.