«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»
- Подробности
- Опубликовано: 26 ноября 2014
2014 жылдың 26 қараша айында жаратылыстану-математика факультетінде «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы талқыланды.
Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттер қауымымен кездесуде оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, философия докторы, профессор М.Төлеген ұжым мен студенттер алдында тұрған Жолдауды іс жүзінде іске асыру бойынша негізгі міндеттерді анықтап, сөз сөйледі. «Институтта білікті, тәрбиелі және толерантты жастарға сапалы білім беру мен тәрбиелеу үшін көптеген жағдайлар жасалуда. Мұнымен қоса, мемлекеторасан зор қолдау көрсетеді», - деп Мұхтар Әділбекұлы атап өтті. Сондай-ақ, кездесуде факультет деканы Сухов М.В. және «биология» мамандығының 4-курс студенті Кусниярова Сауле сөз сөйледі.
Профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттер толерантты қоғамы мен мықты экономикасы бар табысты мемлекетті құруға бағытталған Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа бастамаларын мақұлдап отырады. Осымен қоса, біз жоғары білім алу кәсіби мамандандыруды ғана емес, білім алушылардың дүниеге деген көзқарастарын қалыптастыруғабағыттаймыз. Сонымен бірге, жас қазақстандықтардың ойы жүйрік, ержүректі патриоттық ұрпақтарын тәрбиелеу бойынша негізгі міндетті орындаймыз.