«Жаңа заманға – озық технология»

emf konf astana 21.11.14Қараша айының 20-21 күндері аралығында Астана қаласында «Жаңа заманға – озық технология» атты XV Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті. Оған біздің институтымыздан информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасының студенттері: Асанова Гаухар, Нурмагамбетова Айгерим, Ысламбек Нұрбол, Самбетов Нұржан қатысты. Бұл конференцияға Республиканың көптеген қалаларынан және Ресейдің кейбір қалаларынан студенттер, магистрлар, оқушылар және оқытушылар қатысты. Конференция барысында қатысушыларды 7 секцияға бөлді. Конференцияның бірінші күні қатысушылардың жартысы өз жұмыстарын қорғады, ал екінші күні қалған жартысы жұмыстарын қорғап болғаннан кейін, әділ – қазылар алқасы өз шешімдерін шығарып, мерекелік концертте қатысушыларды марапатталды. Конференцияның нәтижесі бойынша барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Ал біздің институтымыздың студенттері Нурмагамбетова Айгерим мен Ысламбек Нұрбол өз секцияларында 3 орынға ие болды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз