Әлемдік АҚТҚ және ЖҚТБ –ға қарсы күні
- Подробности
- Опубликовано: 30 ноября 2015
2015 жылы қараша айының 30 жұлдызында жаратылыстану ғылымдар кафедрасының доценті Баян Баймагамбетовна Уразымбетова және 3 курс көптілді «Биология» мамандығының жауапкершілігімен бүкіл әлемдік АҚТҚ және ЖҚТБ –ға қарсы күнге орай іс –шара өткізілді. Шараның қонағы облыстық наркодиспансердің психологі Сәрсенова Гүлсім Айтжановна, кафедраның мұғалімдері: Кожахметова А.С. және Баймагамбетова Қ.Т. болды. Осы іс-шарада ХХІ ғ басты дертінің симптомдары, жұғу жолдары, сақтану шаралары туралы айтылды. Студенттер қызықты мәліметтер, тақырыпқа сай мақал-мәтелдер, өлең жолдары оқыды. Шараның соңында студенттер ақпараттық фильм қарап, АҚТҚ және ЖҚТБ туралы журналдар таратылды.