Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасы оқытушыларының біліктілігін арттыруы

-Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушылары Оспанова Ш.Б. мен Радченко Т.А. 2015-2016 оқу жылының басында, Ерсултанова З.С. мен Хасанова С.Б. 2014-2015 оқу жылында Алматы қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының ҚР ЖОО педагогикалық мамандық оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша оқып келді. Тыңдаушылар материалдармен танысып, он-лайн түрде (форумдар, чат) кеңес алуға, сонымен қатар жеке оқыту траекториясын қалыптастыра отырып өзіндік тапсырмамен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды. Аға оқытушылар қашықтықтан оқуды күндізгі оқумен жалғастырып, портфолио қорғап, сертификатқа иеленді. Бүгінгі күні олардың алдындағы есеп – цифрлық білім беру технологияларын студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына және білім беру үдерісіне енгізуге бағытталған ортақ инновациялық жоба жасау.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасы оқытушыларының біліктілігін арттыруы