Факультет аралық пікірталас турнирі

28.02.1328 ақпан күні Қостанай Мемлекеттік педагогикалық институтында «Парасат» пікірталас клубының ұйымдастырылуымен «Қазақстан -2050» стратегиясына арналған факультет аралық пікірталас турнирін ұйымдастырды. Аталмыш турнирге «Тобыл толқындары» (Есембек Саят, Байкенова Қаламқас) және «Өрлеу» (Арғынбайқызы Таңшолпан, Мурзаханов Мұратхан) топтары жаратылыстану-математика факультеті атынан ойнады. Пікірталас тартысты өтті, аталмыш топтар үшін алғашқы жарыс болғанына қарамастан біздің студенттеріміз белсенділік танытты. Турнир қорытындысы бойынша «Тобыл толқындары» 2-орын, «Өрлеу» тобы 3 - орынға ие болды. «Тобыл толқындары» асқан шеберлікпен көзге түсіп облыстық турнирге жолдама алды, сәттілік тілейміз!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз