«Кәсіби оқыту» кураторлық сабағы

27.11.1327 қараша күні жаратылыстану-математика факультетінде «Физика», «Кәсіби оқыту» және «Информатика» мамандықтарының Бірінші Президент күніне арналған «Назарбаев университеті» атты кеңейтілген кураторлық сағаты өтті.
Куратор сағатын «Кәсіби оқыту» 2-курс студенттері Садық Ә., Нәби Н.ашып, одан әрі жүргізіп отырды. Назарбаев атындағы интеллектуалдық мектептердің өмірбаяны, құрылымы жайында «Кәсіби оқыту» студенті Макенов Н. қызықты да мағыналы презентациямен баяндама жасаса,«Физика» мамандығының студенті Гаппаров Ж. Назарбаев университеттің республикада және халықаралық білім беру жүйесіндегі алатын орны мен жетістіктері жайында баяндады.

«Информатика» мамандығының студенттері Н. Егембердиева мен М. Бекқұлы ол университеттегі студенттердің өмірі жайлы видеоролик көрсетіп және оны қысқаша баяндамамен толықтырды. Кураторлық сағат мазмұнды да, тартымды өтті.
Кураторлық сағатқа 1 курс кураторлары Ерсултанова З.С., Омарова Ж.М. және Жигитов А.Б. қатысты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз