Компьютерлік сенбілік

09.11.2013Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасы, «Инновациялық оқыту технологиялары» зертханасы мен «Информатика» мамандығының 2-ші және 3-ші курс студенттері компьютерлік сенбілікке шықты!
Бұл идеяны студенттер ұсынды, және ол Информатики және КТ кафедрасы ұжымында қолдау тапты.
Студенттердің пікірі: «Компьютерлік сыныптарда көбінесе біз жұмыс жасаймыз, компьютерлердің дұрыс жұмыс жасауы бізге байланысты. Соңғы уақытта біз компьютерлердің нашар жұмыс жасағанын байқадық. Осыған орай біз өзіміздің көмегімізді ұсындық!»
Кафедра ұжымының пікірі: «Бұл жақсы ұсыныс, студенттер кәсіби қызығушылық танытты. Бұл жақсы тәжірибе, және ол студенттердің кәсіби жұмыстарын меңгеруге және болашақ кәсіби мамандықтарына көп көмегін тигізеді. Біз мұндай ұсыныстарды қолдаймыз, осылай алған дағдылар келешекте себебін тигізеді және бұл біздің студенттеріміздің соңғы ұсынысы емес деп ойлаймыз».

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз