Студентердің профессор Д.К. Мендалиновамен кездесуі
- Подробности
- Опубликовано: 26 апреля 2013
Кафедра апталығы және ҚМПИ базасында өткізілген химиядан V Республикалық студенттер олимпиадасы бағдарламасы аясында 2013 жылдың 26-шы сәуірінде химия кафедрасында студенттердің М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, химия ғылымдарының докторы Д.К. Мендалиевамен кездесуі өткізілді. Мендалиева Д.К. Қазақстандағы химик-аналитиктердің ғылыми мектебі негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Профессор Мендалиева Д.К. студенттерге Қазақстандағы химия ғылымы мен химиялық білім беру ісінің дамуына баға жетпес үлес қосқан ұлы тұлға, химик-ғалым, педагог, КазГУ-дің аңызға айналған деканы Б.А. Бірімжановтың өмірі мен ғылыми-педагогикалық қызметі туралы айтып берді. Б.А. Бірімжановтың және оның замандастарының (М.И.Усановичтің, М.Т.Козловскийдің, А.Б.Бектуровтың, О.А.Сонгинаның, Д.В. Сокольскийдің, Б.А.Жұбановтың және т.б.), оқушыларының (Н.Н. Нұрахметовтің, Ш.Ш. Шаяхметовтің және т.б.) өмірі мен қызметі химия жолына түскен жастар үшін еліктеуге лайық үлгі болып табылады.
Профессор Д.К. Мендалиева сонымен қатар студенттер мен мектеп оқушылары үшін химиялық олимпиадаларды дайындап, өткізу тәжірибесімен алмасты. Көптеген жылдары өз еркімен жүргізетін бұл жұмысты Дина Кенжебекқызы мектеп оқушыларын «Химия» мамандығына баулу мақсатында ұйымдастырады.