«Мұғалім портфолиосын жобалау және жасау» семинары
- Подробности
- Опубликовано: 13 мая 2014
Заманауи мұғалім – бұл жан-жақты дамыған, компьютерлік технологияларды жоғары деңгейде қолдана алатын мұғалім.
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, білім беру ұйымдарында электронды портфолио жүйесін енгізу кеңінен қолданыла бастады. Электронды портфолио мұғалім жөніндегі жалпы дерек пен қатар кәсіби шеберлігі,білім берудің алдыңғы қатарлы үлгілерін қолдану тәжірибесін көрсететін папка ретінде таныс.
Электронды портфолио – бұл мұғалімнің кәсіби өсуінің құралы. Портфолио - мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.
Электронды портфолио - белгілі бір уақыт шеңберінде әр түрлі іс-әрекетте мұғалімнің жеке жетістіктерінің жинақталуы, бағалануы және өзіндік іріктеулері.
Семинар мақсаты – Web-беттерді жасау негіздерімен таныстыру, мұғалім портфолиосын жасау үшін жаңа дизайн – технологияларды қолдануды үйрету.
Бұл курсты меңгеру нәтижесінде тыңдаушылар Microsoft Frontpage ортасында электронды портфолио өз бетінше жасап үйренді. Өз портфолиоларын қорғаған соң тыңдаушыларғы сертификаттар берілді.