«Құстар күні - 2014»

01.04.14-21 сәуірде ҚМПИ «Фифи» бёдвочер клубы Науырзым ЭБМ/ЕҚ ҒЗО және ҚБСА РҚБ қолдауымен «Құстар күні - 2014» мерекесін атап өтті. Мерекеге жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасы «Биология» мамандығының 1 және 2 курс студенттері, клубтың жоғарғы курстағы мүшелері, декан орынбасары Ахметчина Т.А. және кафедра оқытушылары белсене қатысты. Мерекеге қатысушыларды клубтың кураторы, б.ғ.д., профессор Брагина Т.М. және ғылыми консультант б.ғ.к., доцент Валяева Е.А. сөз сөйледі. «Фифи» бёдвочер клубының мүшелері мен көшбасшылары мереке тарихы мен Клубтың тарихы туралы айтып өтті. Жыл құсы - 2014 болып сиреген, жойылу қаупі төніп тұрған түр үйрек-савка жарияланды. Институт студенттерінің қатысуымен әртүрлі байқаулар мен викториналық сұрақтар өткізілді. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар тапсырылып, клуб жаңадан қосылған мүшелермен толықты.

emf den pt 01.04.14-1

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз