Жүрек жылуы»

15.03.1415 наурызда ҚМПИ жаратылыстану-математика факультеті студенттері «Жүрек жылуы» атты акциясын өткізді. Акцияның жалғасы ретінде біз С.А. Назарбаева жетекшілігімен «Бөбек» қоры ұйымдастырған ММ «Жанұя» отбасылық үлгідегі балалар үйіне бардық. Бұл ой алғашында жаратылыстану-математика факультетінің студенттерінен туған болатын. Бүгінде қайырымдылық акциясын бүкіл ЖОО қолдап отыр. Аталмыш акцияға ЖОО-ның қызметкерлері, оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты. Біздің институттың студенттері балалар үйіне барып, олардың аяулы балалық армандарын орындауға тырысады. Студенттердің келуі - бұл күлкіге, тосын сыйларға және сыйлықтарға толы. Барлығының да жүректері шаттыққа, жүздері күлкіге бөленді. Студенттер балаларға арнап ән шырқап, мың бұрала би билеп, өнерлерін тарту етті. Ал риза болған көрермендер де өз кезегінде қалыспай, өз өнерлерін паш етті.

«Жүрек жылуы» акциясын біздің жоғарғы оқу орынының ең жақсы дәстүрі екенін мақтанышпен атап өтуге болады. Жер бетінде қайырымдылық жасаудан асқан жақсылық бар ма?!
 
emf 15.03.14-1

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз