«Бір ел -бір халық»
- Подробности
- Опубликовано: 28 апреля 2015
2015 жылы 28 сәуірде сағат 12:30 Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған Қазақстан Халықтары ассамблеясының 20- жылдығына орай «Достық үйінде» Қостанай облысының диаспораларының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек стол өткізілді. Бұл іс – шараға «География» мамандығының 3 курс студенттері (қазақ және орыс бөлімдері) және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушылары: Баубекова Г.К., Баймаганбетова К.Т., Омарова К.И., Коваль В.В., Ахметова Э.Б., Дмитрийчук В.В. қатысты.
Бұл іс – шараның мақсаты –Қазақстан халықтарының мәдениеті, ұлттық өнері, салт – дәстүрлерімен танысу және Достық үйіндегі халық аспаптарының көрмесіне қатысу.
Достық үйінде10 астам этникалық топтар (диаспоралар) ұлттық музыкалық аспаптарының (гармонь, ерін сырнайы, аңшылық горн, тар, дудук, дхол, паку, чанг, кайрок, най, чангу, комунго, хэгым), ұлттық костюмдер, тұрмыстық заттардың (лапти, веер және т.б.) бай көрмесін ұсынды. Іс – шарада ұлттықсалт – дәстүрлердің элементтері (дожинки, масленица, чойгаштак, хупа, және т.б.) көрсетілді.
Қазақстан Халықтары Достық үйідиаспораларының өкілдері студенттерге тек қана экспонаттармен таныстырып қана қоймай, басқа да іс – шараларға өздері де белсене қатысты. Студенттермен бірлесіп түрлі салт – дәстүрлердің элементтерін көрсетіп, көрініс қойды.
Бұл Қазақстан Халықтары бірлігін олардың мәдени құндылықтары арқылы танып –білуге мүмкіндік берген, барлық қатысушыларға да пайдалы іс – шараның бірі болды.