Табиғатқа ұқыпты қарау — бүгінгі және болашақ ұрпақтың денсаулығы мен амандығының кепілі
- Подробности
- Опубликовано: 09 марта 2017
2017 жылдың 9 наурызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қостанай облысының Мамандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірге облыс прокуратурасы мен әкімдікі бекіткен «Аймақтың экологиялық мәселелерін шешу бойынша», «Қауіпсіз қалдықтар – біздің ортақ міндетіміз» және «Жануарлар әлемінің нысандарын қорғау бойынша» жобаларын жүзеге асыру мақсатымен «Табиғатқа ұқыпты қарау — бүгінгі және болашақ ұрпақтың денсаулығы мен амандығының кепілі» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Іс-шараға ЖМФ тәлімгерлері мен оқытушылары қатысты.
Кіріспе сөзінде ҚМПИ ректоры Әбіл Е.А. өзіне және табиғатқа деген экологиялық қауіпті азайтудың тиімді және аз шығынды әдістері болып тәрбие және білім беру болып табылатынын атап өтті. ҚМПИ экологиялық білімнің және қоршаған ортаны қорғау сұрақтарына зор көңіл бөледі. ЖОО келесі бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі:
- Солтүстік Қазақстанның өсімдік жамылғысының және жануарлар әлемінің биотүрлілігін, оның заманауи жағдайын, оңтайлы пайдалануын және қорғауын зерттеу;
- Солтүстік Қазақстанның және Қостанай облысының бөлек аймақтарының фауналық және флористикалық зерттеулері;
- Қостанай облысының техногендік жер бедерінің фитоценоздарын қайта қалпына келтірудің теориялық және тәжірибелік негіздерін зерттеу;
- Табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық бағалау;
- Қоршаған ортаны химиялық-экологиялық зерттеу.
Зерттеулердің нәтижелері оқу үрдісіне енгізіледі. Конференция барысында табиғатты қорғау және қолданудың мәселелі сұрақтарымен Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Экология Департаментінің, Орман шаруашылығы және жануарлар әлімі Инспекциясының өкілдері сөз сөйледі.
Өкілетті органдардың қоршаған ортаны қорғау бойынша жұмыстары, оның ішінде аймақтың экологиялық, өсімдік және жануарлар әлемінің мәселелері айқын көрсетілді. Қостанай облысының тарихи-өлкетану мұражайы облыстың ерекше қорғалатын аймақтары бойынша мәлімен ұсынылған көрме ұйымдастырды.