2018 жылдың 1 қазанында Бёдвочерлер клубы «Фифи» ҚМПУ АҚ/ ЭБМ ҒЗО Наурзум қолдауымен жыл сайын дәстүрлі ұйымдастырылатын Тырналар күні мерекесін өткізді. Бұл шараға жаратылыстану-математика факультеті жаратылыстану ғылымдары кафедрасының «Биология», «География» мамандығының 1,2 курс студенттері және жоғарғы курстарда оқитын клубтың мүшелері белсенді қатысты. Іс-шараның сыйлы қонақтары болған: тәрбие жұмыстары бойынша декан орынбасары Тауекелов Ч.А.

2018 жылдың 21 қыркүйегінде жаратылыстану ғылымдары кафедрасы «География» мамандығының 3 курс студенті Танат Данагул, «Қызылжар-2018» жас ғалымдардың халықаралық симпозиумына қатысты. Тақырыбы Қазақстан мен Ресейдің шекаралас облыстарында туризмнің дамуы. Іс-шараға Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарының өкілдері - П.П. Ершов атындағы Ишим педагогикалық институты (Тюмень мемлекеттік университетінің филиалы, Ишим қаласы), Оңтүстік-Орал мемлекеттік университеті (Челябинск қаласы), Су және экологиялық проблемалар институты (Барнаул қаласы), Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік ғылыми-зерттеу университеті.

2018 жылғы 15 қыркүйек күні профессор, физика-математика ғылымдардың кандидаты, еңбек сіңірген тәлімгер, ғалым Даулетбаев Тобыл Еслямгалиевич атындағы дәрісхананың салтанатты ашылуы өтті. Дәрісхананың ашылуына қатысқандардың үлкен қызығушылығын танытқан Т.Е. Даулетбаевтың ғылыми еңбектерінің көрмесі дайындалды. Салтанатты кешті Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры профессор, тарих ғылымдарының докторы Әбiл Еркiн Аманжолұлы ашты және өз сөзінде «Тобыл Еслямгаливичтің мықты ғалым мен педагог ғана емес, өте парасатты, әділ әрі қайырымды тұлға болғанын» атап өтті.

2018 жылдың 23 мамырында  физика-математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы О.С. Телегина және  Қостанай қаласының әуесқой астрономы С.В. Солопов,  5В011000 - «Физика» мамандығының 3 курс студенттерімен қала сыртына шығып, аспандағы жұлдыздарды бақылауды  ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: астрономия пәнінен  дәріс және практикалық  сабақтарда алынған білімдерін бекіту. Бақылауға дейін, студенттер жыл мезгілдеріне  байланысты күндізгі және кешкі мезгілде бақылау жұмыстарын  ұйымдастыру мен өткізудің  ерекшеліктерімен танысты.

Қазақстандағы жыл сайын атап өтілетін мемлекеттік мереке қарсаңында 27 сәуір 2018 жылы 404 дәрісханада ФМ және ЖТП кафедрасы: «Кәсіптік оқыту», мамандығы бойынша 3 курс студенттері арасында «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» тақырыбында кураторлық сағат өткізді (ұйымдастырушы аға оқытушы, Абдимоминова Д.К.). Кураторлық сағатқа ФМ және ЖТП кафедрасының меңгерушісі Телегина О.С., осы кафедраның оқытушылары Шагиахметова Л.М., Жигитов А.Б., Дёмина Н.Ф., сонымен қатар «Физика» және «Кәсіптік оқыту» мамандықтарының бірінші курс студенттері қатысты.

Жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында 2018 жылдың 26-шы сәуір күні педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Наталия Веняминовна Важеваның мерейтойын атап өту салтанатты іс-шарасы өткізілді. Наталия Веняминовна Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында 1972 жылдың қыркүйек айынан бастап аға лаборант болып жұмыс жолын бастады, одан кейін оқытушы, аға оқытушы, биология-химия факультетінің деканы, жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы, химия кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды, қазіргі кезде – жаратылыстану ғылымдары кафедрасының доценті.

Кафедраның аптаның бағдарламасы әрдайым бай және қызықты болды. Кафедраның көптеген қызметі дәстүрге айналды, бірақ жаңа форматтар пайдаланылды. Аудиториялардың есіктерінде физика, астрономия, технология, математикадағы (жаңа түсініктер, олардың мағыналары, қосымшалары, ашылуы, гипотезалары, қиындықтары) заманауи жетістіктері туралы ақпараттық парақтар ілінген Уақыт кестесіндегі залда «Вечеринка» плакаты орналастырылды - жалған әңгіме, оған «танымал ғалымдар» қатысқан, олардың ғылыми ашылуылар әзіл ретінде жазылған. Студенттерге, тізімінде айтылмаған ғалымдардың қайсысы «ұмытып кеткен» екенін, ғылымға қандай үлес қосқанын анықтауды ұсынылды.

ФМжЖТП кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес 12 сәуір, 2018 16.30-17.20 кезінде A-203 аудиторияда, жаратылыстану-математика факультетінің түлектерімен және Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің мамандарымен кездесу өткізді (жауапты ф.м.-ғ.к., доцент Қалжанов М.У.). Кездесу дөңгелек үстел форматында өтті. Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің сектор жетекшілері Киякбаева Айжан Лаиковна, Жакибаева Сауле Куанышбаевна және де ҚМПИ-ның түлектері:, Физико-математикалық лицейінің мұғалімі - Салимов Алмаз Баймарзаулы (2016 ж. «Физика» мамандығы), №10 ОМ математкиа мұғалімі -Тайжанова Алтынкыз Канатовна (2017 ж. «Математика» мамандығы) шақырылды.

12 сәуір 09.30-15.00 аралығында жаратылыстану-математика факультетінің базасында Ғалымдардың күніне арналған «Мектептегі жаратылыстану-математикалық және техникалық пәндерді оқыту» атты студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өтті (жауапты доцент Калжанов М.У., аға оқытушы Шевченко И.М.). Конференцияның басты мақсаты студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, студенттердің ғылыми қызметтегі мүмкіндіктерін толық ашуға ықпал ету. Конференция қатысушылары: жаратылыстану-математика факультетінің 2-4 курс студенттері.

«Qazaqstan Qostanai» телеарнасының ақпараттық-ойын-сауық «Тобыл таңы», тікелей эфир бағдарламасының қонақтары ҚМПУ және А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ оқытушылары Телегина О.С. (меңгерушісінің м.а., техника ғылымдарының кандидаты (РФ), аға окытушысы) және Поезжалов В.М. (ф.-м.ғ.к., профессор), Байняшев А. М. (физика магистры, аға оқытушысы) ғарыш қарапайым адамға не беретінін айтып береді. Бейнежазбаны сайттан көруге болады http://kostanaytv.kz/ru/archive/programs/programs_morning/kst_tobyl-tany/734650

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті