«Қазақстан және Ресей шекаралас территорияларындағы туризмнің дамуы» тақырыбындағы Халықаралық симпозиумға қатысу
- Подробности
- Опубликовано: 21 сентября 2018
2018 жылдың 21 қыркүйегінде жаратылыстану ғылымдары кафедрасы «География» мамандығының 3 курс студенті Танат Данагул, «Қызылжар-2018» жас ғалымдардың халықаралық симпозиумына қатысты. Тақырыбы Қазақстан мен Ресейдің шекаралас облыстарында туризмнің дамуы. Іс-шараға Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарының өкілдері - П.П. Ершов атындағы Ишим педагогикалық институты (Тюмень мемлекеттік университетінің филиалы, Ишим қаласы), Оңтүстік-Орал мемлекеттік университеті (Челябинск қаласы), Су және экологиялық проблемалар институты (Барнаул қаласы), Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік ғылыми-зерттеу университеті және де М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Қ.АЖұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің және ҚМПУ-нің өкілдері қатысты.
Халықаралық симпозиумның бағдарламасы Солтүстік Қазақстан облысындағы пікірталас алаңдары, демалыс орындарына бару, сондай-ақ баяндамаларды таныстыру және талқылау болды. Танат Данагүл «Қостанай облысының рекреациялық ресурстары» тақырыбына баяндама жасады (авторлар: Баубекова Г.К. - педагогика магистрі, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы және Танат Д.– 3 курс студенті). Танат Данагүл халықаралық симпозиумның қатысушы сертификатымен марапатталды.