Тобыл Еслямгалиевич Даулетбаев атындағы дәрісхананың ашылуы

2018 жылғы 15 қыркүйек күні профессор, физика-математика ғылымдардың кандидаты, еңбек сіңірген тәлімгер, ғалым Даулетбаев Тобыл Еслямгалиевич атындағы дәрісхананың салтанатты ашылуы өтті.

Дәрісхананың ашылуына қатысқандардың үлкен қызығушылығын танытқан Т.Е. Даулетбаевтың ғылыми еңбектерінің көрмесі дайындалды.

Салтанатты кешті Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры профессор, тарих ғылымдарының докторы Әбiл Еркiн Аманжолұлы ашты және өз сөзінде «Тобыл Еслямгаливичтің мықты ғалым мен педагог ғана емес, өте парасатты, әділ әрі қайырымды тұлға болғанын» атап өтті.

Физика-математика ғылымдарының кандидаты Демисенов Б.Н. өз сөзінде Тобыл Еслямгалиевичтің қызметі мен өмірінің негізгі кезеңдерін, кафедраның құрылуындағы ролін айта отырып, өңірде және республикада математикалық білім беруді дамытуға қосқан үлесіне тоқталды.

Іс-шараға Тобыл Еслямгалиевичтің әріптестері, достары және оқушылары қатысты. Дәрісхананың ашылуына жиналған қонақтар арасында Тобыл Еслямгалиевичтің отбасының мүшелері де қатысты: аталмыш тұлғаның педагогикалық еңбек жолында тірегі болған жұбайы Жумабике Марденқызы, балалары мен немерелері.

Іс-шара барысында Тобыл Еслямгалиевичке жүрек жарды естеліктерін тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы, экономика ғылымдарының кандидаты Жапаров Карбоз Жапарович, физика-математика ғылымдарының кандидаты Кужукеев Женис-Нуры Мурзатаевич арнады. Барлық cөз сөйлегендер Тобыл Еслямгалиевичтің кәсібилігін, адами қасиеттерін, жомарттылығын, риясыздығын, өз кәсібіне берілген тұлға екен атап өтті.

Іс-шара барысында көрермендер өте жақсы көңіл-күйде болды, ресми бөлік аяқталғаннан кейін қонақтар Т.Е. Даулетбаевтың стендтері мен ғылыми жұмыстары көрмесінің жанында естеліктерімен алмасты.

Тобыл Еслямгалиевич Даулетбаев атындағы дәрісхананың ашылуы шеңберінде университеттің мәжіліс залында «Мектепте және жоғарғы оқу орындарында математикалық білім берудегі проблемалар туралы» тақырыбында дөңгелек столы өтті.

15-09-18

15-09-18

15-09-18

15-09-18

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті Тобыл Еслямгалиевич Даулетбаев атындағы дәрісхананың ашылуы