«1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні» кураторлық сағаты
- Подробности
- Опубликовано: 27 апреля 2018
Қазақстандағы жыл сайын атап өтілетін мемлекеттік мереке қарсаңында 27 сәуір 2018 жылы 404 дәрісханада ФМ және ЖТП кафедрасы: «Кәсіптік оқыту», мамандығы бойынша 3 курс студенттері арасында «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» тақырыбында кураторлық сағат өткізді (ұйымдастырушы аға оқытушы, Абдимоминова Д.К.).
Кураторлық сағатқа ФМ және ЖТП кафедрасының меңгерушісі Телегина О.С., осы кафедраның оқытушылары Шагиахметова Л.М., Жигитов А.Б., Дёмина Н.Ф., сонымен қатар «Физика» және «Кәсіптік оқыту» мамандықтарының бірінші курс студенттері қатысты.
«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» Кураторлық сағатының міндеттері:
- Қазақстанда тұратын ұлт өкілдеріне қатысты студенттердің шығармашылық белсенділіктері мен танымдылық қызығушылықтарын дамытуға ықпал ету;
- Заманауи білім жағдайында, жалпы ғылым мен зияткерлік сипатта білім және дағдыны қалыптастыруға үлес қосу;
- Қазақстанды мекендеген халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын және жақындарыңызға деген құрметті тәрбиелеу.
Жеребе бойынша студенттер алдын-ала өздері ұсынатын ұлттың өкілдерін (3 команда) таңдады.
Мереке әлемнің түрлі елдерінде қалай атап өтілетіні туралы бейнетаспалық презентацияны көруден басталды. Кураторлық сағат түрлі жарыстар түрінде өтті (6 кезең). Барлық студенттер жарыстарға белсенді қатысты. Әрбір команда түрлі соның ішінде түрік, кәріс, үнді халқының ұлттық дәмін және салт-дәстүрін білдіруге тырысып, ұлттық тілде салемдесіп, билері мен әндерді сол ұлт өкілдерінің тілінде шырқады.
Осы күні, студенттер мерекеге негіз болған ұлттардың салт-дәстүрлері туралы білімдерін толықтырды, сонымен қатар осы саладағы өз білімдерін тексеріп, бір-бірімен жарысты. Сайыс соңында қазылар алқасы барлық қатысушы топтарды диплом және тәтті сыйлықтармен марапаттады.