«Тырналар күні-2018»

2018 жылдың 1 қазанында Бёдвочерлер клубы «Фифи» ҚМПУ АҚ/ ЭБМ ҒЗО Наурзум қолдауымен жыл сайын дәстүрлі ұйымдастырылатын Тырналар күні мерекесін өткізді. Бұл шараға жаратылыстану-математика факультеті жаратылыстану ғылымдары кафедрасының «Биология», «География» мамандығының 1,2 курс студенттері және жоғарғы курстарда оқитын клубтың мүшелері белсенді қатысты.

Іс-шараның сыйлы қонақтары болған: тәрбие жұмыстары бойынша декан орынбасары Тауекелов Ч.А., кафедра меңгерушісінің м.а. Баубекова Г.К., биология магистрі, аға оқытушы Бобренко М.А.

Мерекенің қатысушыларын қарсы алған клубтың ғылыми кеңесшілері:

б.ғ.к., профессор Брагин Е.А., б.ғ.к., доцент Валяева Е.А. Клуб басшысы Смирнова А. мен «Фифи» бедвочерлер клубының мүшелері Қостанай облысы мен маңындағы аймақтарында мекендейтін тырналар түрлері туралы әңгімелеп берді. Студенттер музыкалық байқауға қатысты. Мереке алдында студенттер арасында суреттер байқауы жарияланды. Соңында байқаулардың жеңімпаздарын хабарландырып, шараның қорытындылаған клуб жетекшісінің орынбасары Рулёва М.М.

Жеңімпаздар естелік сыйлықтарға, ал клуб жаңа мүшелерге ие болды.

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз