Астрономиялық бақылаулар
- Подробности
- Опубликовано: 23 мая 2018
2018 жылдың 23 мамырында физика-математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы О.С. Телегина және Қостанай қаласының әуесқой астрономы С.В. Солопов, 5В011000 - «Физика» мамандығының 3 курс студенттерімен қала сыртына шығып, аспандағы жұлдыздарды бақылауды ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: астрономия пәнінен дәріс және практикалық сабақтарда алынған білімдерін бекіту.
Бақылауға дейін, студенттер жыл мезгілдеріне байланысты күндізгі және кешкі мезгілде бақылау жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктерімен танысты.
Бақылау кезеңінде аспан бұлтты болғанымен, оқушылар телескоп-рефлектордың мүмкіндігін пайдаланып, Айдың бетіндегі терминатордың жанында, рельефтің кейбір бөлшектерін (кратер және таулар), Есекқырған ғаламшаның атмосферасының үстіңгі қабаттарындағы жолақтар мен үш галилеялық серіктесті, екі және бірнеше жұлдыздарды: Альбирео (Аққу шоқжұлдызында), Шелиак (Лира шоқжұлдызында), Мицар және Алькор (Үлкен аю шоқжұлдызында) қарастырды. Өсіп келе жатқан Айдың дискісі айналасында гало байқалды.