Жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында 14.02.2019 жылы ФМБ «НЗМ» ААҚ ынтымақтастық туралы келісімшарт шеңберінде, сондай-ақ кафедраның әдістемелік апталығын өткізу барысында «Болашағымыз білімді жастарда» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді. Іс - шара Білім беру үдерісіндегі қазіргі заманғы реформаларды-жаңартылған орта білім беру бағдарламасын талқылау, Мемлекет басшысының "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту"мақаласының бағыттарын талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының әдістемелік аптасы аясында 2019 жылдың 13 ақпанында далалық ғылыми зерттеу бойынша профессор Е.Брагиннің презентациясы өтілді. Бұл зерттеу 2017 жылдан бастап «Дала бүркітін зерттеу» халықаралық жобасы бойынша АҚШ, Айдахо, Бойс қаласындағы ғылыми орталықтан д-р Тод Катцнер (Dr. Todd Katzner, Research Wildlife Biologist, Forest & Rangeland Ecosystem Science Center, U.S. Geological Survey) және Израиль, Хайфа қаласының университетінен д-р Нир Сапир серіктестерімен жүргізіліп жатыр.

Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында бастамашыл тақырып, әлеуметтік жоба аясында «Биология» мамандығының 2 курс студенттері куратор Ж. Т. Сүйіндікованың жетекшілігімен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында іс-шаралар топтамасын өткізеді. 2019 жылдың 8 ақпанында "Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!" атты тақырыбына зияткерлік ойындар өткізілді. Зияткерлік ойынның мақсаты: танымдық іс-әрекетті жандандыру, студенттердің салауатты өмір салты туралы дұрыс түсінігін қалыптастыру.

2019 жылдың 17 қаңтарында Жаратылыстану-математика факультетінде 1 курс студенттернің жиналысы болды. Факультет деканы Шумейко Т.С. білім беру жетістіктерін бағалау жүйесіндегі өзгерістер туралы студенттерге қайтадан хабарлап ерекше назар аударды. 

Декан орынбасары Баймаганбетова Б.Б. 1 курс студенттерін қысқы емтихан сессиясы нәтежелерімен таныстырды. Сондай-ақ, студенттердің оқу процессінің оң аспектілері туралы өз пікірлерін білдіріп, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын енгізді.

2019 ж. 09 қаңтарында жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында "2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді дамытудың Жол картасын" жүзеге асыру» тақырыбы бойынша әдістемелік семинар ұйымдастырылды. "Биология" мамандығының көптілді бөлімі кафедрада 7 жыл бұрын ашылды. Осылайша, біз еңбек нарығында сұранысқа ие студенттердің 3 шығарылымын жасадық, олар тек Қостанайда ғана емес, Астана мен еліміздің басқа да қалаларында жұмыс істейді.

Қыркүйек айында мұғалімдерге гүл сыйлау қайырымдылық акциялары - үлкен пікір талас туындатты. Мейірімділік танытуға - жылдың кез келген уақыты ыңғайлы деп ойлаймыз. Біздің кәсіби педагогикалық қызметіміз әлі алда, біз топпен ұйымдастыра келе бүгінгі жаңа-жылдық мерекені оны көңілді өткізуімізге және де экономика жағынан шығындалмауымызға шешім шығардық. «НАДЕЖДА» жануарларды қорғауға арналған қоғамдық бірлестігінің үй жануарларына арналған азық-түлік сатып алуға жарты қаражат жұмсалды.

2018 жылдың 27 желтоқсан күні «Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану-математика факультетінің аға оқытушылары Абдимоминова Д.К., Баймаганбетова К.Т. әдістемелік семинар өткізді. Әдістемелік семинарда оқытушылар әдістемелік әдіс-тәсілдермен қызу бөлісті, түрлі сұрақтар қою арқылы пікір алмасты.

2018 жылы 25 желтоқсанда Жаратылыстану кафедрасында өткізілген «Жоғары оқу орындарында заманауи педагогикалық технологияларды жаңартылған тәрбиелік құрамдас бөлігі ретінде» біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын меңгеру нәтижесінде алынған идеялардың кәсіби практикасын енгізу бойынша әдістемелік семинар университеттің оқытушыларына арналды. Семинарды аға оқытушы Курлов С.И., аға оқытушы, биология магистрі М.А. Бобренко, аға оқытушы, биология магистрі М.М. Рулева жүргізді.

2018 жылдың 20 желтоқсанында ҚМПУ профессор-оқытушылар ұжымы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ұсынған бағдарламалар аясында әдістемелік семинар жұмысына қатысты. Семинардың мақсаты жаңартылған орта білім беру мазмұны және критериалды бағалау жүйесін енгізу контексінде ПОҚ-тың педагогикалық шеберлігін жетілдіру болып табылады. Семинар барысында жаңартылған оқу бағдарламаларына жауап беретін педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдану ұсынылды.

2018 жылы 14 желтоқсанда жаратылыстану-математика факультетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өткізілді. Іс-шара мақсаты – Тәуелсіздік күнін тойлау және студенттердің бойында патриоттық сезімдерін ояту. Іс-шара өте ауқымды түрде ұйымдастырылды: студенттер Отанымыз туралы өлең оқыды, еліміздің заманауи жетістіктері туралы видео-роликтер көрсетті. «Биология» мамандығының 2-курс студенттері Қамит Бота «Балбырауын» күйін орындады, Сиривля Диана ұлттық би биледі, Ахмет Жанбота мен Еркеш Зибагүл «Туған өлкем» атты ән айтты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті