Зияткерлік ойын «Біз салауатты өмір салты үшін!»
- Подробности
- Опубликовано: 08 февраля 2019
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында бастамашыл тақырып, әлеуметтік жоба аясында «Биология» мамандығының 2 курс студенттері куратор Ж. Т. Сүйіндікованың жетекшілігімен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында іс-шаралар топтамасын өткізеді. 2019 жылдың 8 ақпанында "Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!" атты тақырыбына зияткерлік ойындар өткізілді. Зияткерлік ойынның мақсаты: танымдық іс-әрекетті жандандыру, студенттердің салауатты өмір салты туралы дұрыс түсінігін қалыптастыру.
Зияткерлік ойынға университеттің педагогика және психология факультеті және жаратылыстану-математика факультеттерінің 1-2 курс студенттері қатысты (бұрын іс-шара филология факультетінің студенттерімен өткізілді (28 қараша 2018 ж.)). Студенттер арасында зияткерлік сайыс өте көңілді, қызықты өтті. Зияткерлік ойын "Қара жәшік", "Мақалды жалғастыр", "Суреттер айтады", "Ойлан, тап", "Сергіту сәті" деген бірнеше кезеңнен тұрды. Ойын барысында студенттер командалық ұйымшылдықты, шеберлікті көрсете білді. Жарыс соңында жеңімпаздар анықталды.