Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні жаратылыстану-математика факультетінде

2018 жылы 14 желтоқсанда жаратылыстану-математика факультетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өткізілді. Іс-шара мақсаты – Тәуелсіздік күнін тойлау және студенттердің бойында патриоттық сезімдерін ояту. Іс-шара өте ауқымды түрде ұйымдастырылды: студенттер Отанымыз туралы өлең оқыды, еліміздің заманауи жетістіктері туралы видео-роликтер көрсетті. «Биология» мамандығының 2-курс студенттері Қамит Бота «Балбырауын» күйін орындады, Сиривля Диана ұлттық би биледі, Ахмет Жанбота мен Еркеш Зибагүл «Туған өлкем» атты ән айтты. Концерт жүргізушілері – Қайыркен Сәкен, Еркеш Зибагүл. Концерт соңында барлық студенттер «Атамекен» әнін орындады. Сондай-ақ іс-шараға жаратылыстану ғылымдарының оқытушылары Баубекова Г.Қ., Абдыкаликова Қ.А., Чернявская О.М., Баймагамбетова К.Т., Кожмухаметова А.С., Губенко М.А., Божекенова Ж.Т., Загорулько В.В. қатысты.

Іс-шара модераторлары: Суюндикова Ж.Т., б.м., аға оқытушы, «Биология» мамандығының студенттері, декан орынбасары Тауакелов Ч.А.

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні жаратылыстану-математика факультетінде