«Жаңартылған орта білім беру мазмұны тұрғысынан педагогикалық көзқарас» тақырыбы бойынша әдістемелік семинар
- Подробности
- Опубликовано: 20 декабря 2018
2018 жылдың 20 желтоқсанында ҚМПУ профессор-оқытушылар ұжымы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ұсынған бағдарламалар аясында әдістемелік семинар жұмысына қатысты.
Семинардың мақсаты жаңартылған орта білім беру мазмұны және критериалды бағалау жүйесін енгізу контексінде ПОҚ-тың педагогикалық шеберлігін жетілдіру болып табылады.
Семинар модераторлары б.ғ.к. Г.А. Ручкина, жаратылыстану ғылымдарының магистрі А.С. Кожмухаметова, п.ғ.к. О.М. Чернявская педагогикалық кадрларды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру курстарында дайындықтан өткен әріптестерімен жалпы орта білім берудің жаңартылған оқу бағдарламаларының мақсаттарын, міндеттерін, құрылымын және мазмұнын талқылады.
Семинар барысында жаңартылған оқу бағдарламаларына жауап беретін педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдану ұсынылды. Сонымен қатар, педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттыру үшін қазақстандық білім беру ортасының даму түсімділігін сезіну ғана емес, сонымен қатар қоғамның дамуына жоғары кәсіби үлес қосу маңызды. Бұл үшін инновациялық технологиялық құралдарды игеру, білім беру бағдарламасын, пәндерді, курсты, сабақты кәсіби құрастыру үлгілерін көрсету маңызды. Баяндамашылардың сөздерінен кейін семинарға қатысушылар проблемалық мәселелер бойынша белсенді пікір алмасты.