«Болашағымыз білімді жастарда» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында 14.02.2019 жылы ФМБ «НЗМ» ААҚ ынтымақтастық туралы келісімшарт шеңберінде, сондай-ақ кафедраның әдістемелік апталығын өткізу барысында «Болашағымыз білімді жастарда» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді.

Іс - шара Білім беру үдерісіндегі қазіргі заманғы реформаларды-жаңартылған орта білім беру бағдарламасын талқылау, Мемлекет басшысының "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту"мақаласының бағыттарын талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел жұмысына Омарова К.И., МГ, О.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ аға оқытушысы, география магистрі К.И.Омарова, И.Т. Джумабаева, ФМБ «НЗМ» ААҚ география пәнінің мұғалімі, география және тарих пәнінің мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі К.И.Асанова, ФМБ «НЗМ» ААҚ 10-сынып оқушылары, сонымен қатар «География» мамандығының 3 курс студенттері қатысты.

Презентацияларда Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, мектеп курсының жаңартылған бағдарламасының мазмұны мәселелерінде жаратылыстану ғылымдары кафедрасы қызметінің негізгі бағыттары баяндалды.

Сонымен қатар, оқушыларға авторлармен Баймырзаев К. М., Баубекова Г. К., Омарова К. И., Коваль В. В., Дмитрийчук В. В., Сухов М. В. «Қостанай облысының географиялық өлкетануы» электрондық оқу құралы таныстырылды.

Дөңгелек үстел тақырыбы өте өзекті және мазмұнды болды, диалог пікірталас форматында өтті, «НЗМ» ААҚ оқушылары білім беру мәселелерін талқылауға белсенді қатысты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті «Болашағымыз білімді жастарда» тақырыбындағы дөңгелек үстел