Далалық ғылыми зерттеу
- Подробности
- Опубликовано: 13 февраля 2019
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының әдістемелік аптасы аясында 2019 жылдың 13 ақпанында далалық ғылыми зерттеу бойынша профессор Е.Брагиннің презентациясы өтілді. Бұл зерттеу 2017 жылдан бастап «Дала бүркітін зерттеу» халықаралық жобасы бойынша АҚШ, Айдахо, Бойс қаласындағы ғылыми орталықтан д-р Тод Катцнер (Dr. Todd Katzner, Research Wildlife Biologist, Forest & Rangeland Ecosystem Science Center, U.S. Geological Survey) және Израиль, Хайфа қаласының университетінен д-р Нир Сапир (Dr. Nir Sapir, Animal Flight Laboratory Department of Evolutionary and Environmental Biology and Institute of Evolution University of Haifa) серіктестерімен жүргізіліп жатыр.
2018 жылдың 7-21 маусым аралығында Ақтөбе және Қостанай облыстарының аудандарында жүргізілген зерттеу нәтижелері көрсетілді. Экспедиция барысында дала бүркіттерінің саны есепке алынды, ұя салу аймақтары және көбеюі анықталды, 20 бүркіт ауланып, оларға GPS/GSM трекерлерімен белгі салынды. Қазіргі уақытқа дейін осы құстардың миграциясы бақыланып отыр және 16 бүркіттің қыстауға орын ауыстыруы тіркеліп жалғасуда.
Іс-шараға халықаралық байланыстар ғылым басқармасының бастығы, PhD докторы Ташетов А.А., жаратылыстану ғылымдары кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер қатысты.