Қостанай мемелекеттік педагогикалық университеті базасының оқу шеберхансында 2019 жылғы 13 – 24 мамыр аралығында оқытушылар мен студенттерге арналған «Тігін бұйымдарын жобалау және жасау» бойынша біліктілігін арттыру курсы болып өтті. Біліктілікті арттыру курсы 45 сағат көлемінде практикалық негізде өтілді. Курсты информатика, робототехника және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, педагогика білімдерінің магистрі Д.К. Абдимоминова өткізді.

«Current trends in the assessment of global and local changes of natural ecosystems and the teaching of biological and geographical cycle disciplines» біліктілікті арттыру курсының практикалық кезеңі аясында шетелдік серіктестердің қатысуымен 2019 жылғы 14 мамырда жұмыс сапары далалық аймақта (Қостанай ауданында) жүргізілді. Сапарға қатысушылар – Лейбниц университеті топырақтану институтының директоры, Германияның топырақтану қоғамдастығының президенті, профессор, доктор Георг Гуггенбергер; PhD, аға ғылыми қызметкері Шибистова Ольга Борисовна (Лейбниц университетінің топырақтану институты (Ганновер, Германия), ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы ҒЗО-ның басшысы, профессор, биология ғылымдарының докторы Брагина Татьяна Михайловна,  биология магистрі Бобренко Марина Александровна, «Биология» және «География» мамандығының 2-3 курс студенттері.

2019 жылы 14 мамырда Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде ҚМПУ ӨЭБ ҒЗО /REKKS (Германия, Ресей, Қазақстан) бірлескен жобасын орындаудың аралық қорытындысы бойынша халықаралық семинар «Қазақстан аумағындағы құрғақ дала мен Сібір оңтүстік-батыс аудандарында ауыспалы климат жағдайында тұрақты ауылшаруашылық табиғатын пайдаланудың амалдарын жасау саласындағы инновациялар», ҚМПУ ЭБМ ҒЗО кіші жобасы/ReKKS «Топырақ омыртқасыздары (мезофауна) қоғамдастығына жер пайдаланудың әсерін және климаттың өзгеруін бағалау».

2019ж. 14 мамырда Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне ресми сапармен Топырақтану институтының директоры, Лейбниц университеті (Ганновер, Германия), Германия топырақтанушылар қоғамының президенті профессор, доктор Георг Гуггенбергер, PhD, «Қазақстан аумағындағы құрғақ дала мен Сібір оңтүстік-батыс аудандарында ауыспалы климат жағдайында тұрақты ауылшаруашылық табиғатын пайдаланудың амалдарын жасау саласындағы инновациялар» (ReKKS) халықаралық жобасының үйлестірушісі және Шибистова Ольга Борисовна (Лейбницкий университетінің Топырақтану институты (Ганновер, Германия) келді.

24.04.2019 жылы Жаратылыстану-математика факультетінің Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының «География» мамандығының студенттері мен «Саяхат» өлкетану клубы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырып өткізді. Іс-шара «Қазақстанның 100 жаңа есімі» конкурсына қатысқан және осы тізімге енген Қостанай облысының атақты тұлғаларының жетістіктерін көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

2019 жылдың 16-18 сәуір аралығында жаратылыстану-математика факультеті көптілділік орталығымен бірлесе отырып, физика, география, информатика, химия, биологияның білім беру бағдарламалары бойынша көптілді тобында оқитын студенттерге арналған онлайн-олимпиада ұйымдастырды. Олимпиаданың мақсаты: 2 – 3 курс студенттерін пәндерді тереңдетіп оқытуға танымдық қызығушылығын арттыру, шығармашылық бастаманы дамыту; ең қабілетті және жақсы дайындалған 2 –3 курс студенттерін анықтау;

2019 жылы 12 сәуірде ҚМПУ-де физика-математикалық пәндер кафедрасының апталығы аясында «Математикалық аукцион» атты іс-шара өтті. Сауда-саттық өткізу техникасын және тәртібін білетін лицитатор (аукцион жүргізушісі) - қауымдастырылған профессор, ф.-м.ғ.к. Демисенов Берик Нұртазинович, студенттер нөмірлерінің ұсыныстарын бақылап, аукцион жеңімпазын анықтауға көмектесті. «Математика» мамандығының оқытушылары дайындаған төрт тағамнан тұратын лот «саудаға» қойылды.

2019 жылдың сәуір айының 11-12 аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен XI Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында 5В011200-Химия мамандығының студенттер командасы бірінші орын алды. Команда құрамы: Жаналинова Сымбат, 2 курс студенті, Жиенбаев Токтасын және Чапаксин Иван, 3 курс студенттері. Біздің студенттер командалық есепте Қазақстан Республикасының 14 ЖОО арасында үздік нәтиже көрсетіп, I дәрежелі дипломға ие болды.

11 сәуір күні сағат 14.30-да "Физик-лирик" атты шығармашылық іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: "5В011000 - Физика" мамандығы студенттерінің шығармашылық потенциалын дамытуға, ұжымның бірігуіне ықпал ету. Іс-шара басында кафедра меңгерушісінің м.а. О. Телегина 9 сәуір күні өткен физика және астрономия бойынша олимпиаданың қорытындысын шығарды. Олимпиада нәтижелері: 1 орын-Бақытова Ақерке (Физ-16-11) 2 орын: Қуанышбаева Нурсулу( Физ-16-11), Устимирова Лаура (Ф15-21) 3 орын: Кеншібек Бегайым (Физ-16-11)...

2019 жылы 12 сәурде қазақ халқының ұлы ғалымы, академик Қаныш Имантай ұлы Сәтпаевқа-120 жыл. 2019 жылдың сәуір айының 11 күні Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «География» мамандығының студенттерінің қатысуымен Қ.И.Сәтпаевтың арналған «Қазақ халқының бір туар перзенті» атты іс-шарасы болып өтті. Мерекелік іс-шара аясында кафедра оқытушылары мен студенттері «Академик Қаныш Сәтпаев: ғаламшар ауқымының тұлғасы» фильмін қарап, студенттер: Оразғали Айжан, Қайратова Наргизаның баяндамаларын тыңдады. Сонымен қатар, ҚМПУ АКО қорынан ғалымның ғылыми еңбектерінің көрмесі ұсынылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті