Математикалық аукцион - 2019

2019 жылы 12 сәуірде ҚМПУ-де физика-математикалық пәндер кафедрасының апталығы аясында «Математикалық аукцион» атты іс-шара өтті. Сауда-саттық өткізу техникасын және тәртібін білетін лицитатор (аукцион жүргізушісі) - қауымдастырылған профессор, ф.-м.ғ.к. Демисенов Берик Нұртазинович, студенттер нөмірлерінің ұсыныстарын бақылап, аукцион жеңімпазын анықтауға көмектесті.

«Математика» мамандығының оқытушылары дайындаған төрт тағамнан тұратын лот «саудаға» қойылды. Лоттың бір тағамын ұтып алу үшін студенттер өздерінің қабілеттері мен талантын әр түрлі бағыттарда көрсету керек: би, ән, көркем сөз, ерекше жанр, пародия.

Барлық қатысушылар қойылымдар мен жүлделерден үлкен эмоционалды қуат алды.

Мереке жылы, көңілді және есте қаларлықтай болды, оған қатысқан барлық адамдарға үлкен рахмет.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз