«Қазақстанның 100 жаңа есімі» тақырыбында дөңгелек үстел

24.04.2019 жылы Жаратылыстану-математика факультетінің Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының «География» мамандығының студенттері мен «Саяхат» өлкетану клубы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырып өткізді.

Іс-шара «Қазақстанның 100 жаңа есімі» конкурсына қатысқан және осы тізімге енген Қостанай облысының атақты тұлғаларының жетістіктерін көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел жұмысына жаратылыстану ғылымдары кафедрасының ПОҚ, «Биология» және «География» мамандықтарының 1 және 2 курс студенттері қатысты.

"100 жаңа есім 2017" бағдарламасы бойынша аналитикалық есеппен "География" мамандығының 2 курс студенттері Ветрова Алена, Омарова Ақмарал сөз сөйледі; География мамандығының 2 курс студенттері Дандыбаев Жангелді, Құдабаев Даулет, Хужина Екатерина, Лымарева Анастасия "Жүз жаңа есім 2018" тақырыбында баяндама жасады; "География"мамандығының 3 курс студенті Қайрат Аяулым елдегі мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша баяндама жасады.

Тыңдаушылардың назарына қажырлы еңбек, білім мен талант арқасында табысқа жеткен Қостанай облысы халқының шынайы тарихы ұсынылды: Денис Кузин "Спорт" номинациясы бойынша, Қайрат Алмат Тұрсынов пен Қайрат Маишев "Бизнес"номинациясы бойынша.

Дөңгелек үстел тақырыбы өте өзекті және мазмұнды болып, диалог пікірталас форматында өтті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті «Қазақстанның 100 жаңа есімі» тақырыбында дөңгелек үстел