Кез келген оқушының мектептегі білім алу жетістіктері неден басталады? Оның жағдайларын ұзақ айтуға болады, бірақ ең маңызды шарт мұғалімді сапалы дайындау, оның саналы кәсіби құзіреттілігі екені сөзсіз.2020 жылдың 10-шы наурызы күні жаратылыстану ғылымдары кафедрасының химияны оқыту әдістемесі мәселелерін зерттеу Орталығы «Химия», «Химия-Биология» білім беру бағдарламалары стейкхолдерлерінің кездесуін өткізді. Білім беру бағдарламаларының профессор-оқытушылар құрамы, жұмыс берушілер, облыстың тәжірибелі және жас мұғалімдері, студенттер мұғалімдерді дайындауды жақсарту ресурсын талдады. 

2020 жылдың 5 нурызында жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «Бакалавриат пен магистратураға арналған «Биология» білім бағдарламаларымен танысу және оларды талдау» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: «Биология» білім бағдарламасын насихаттау және оның мазмұнын талдау. Дөңгелек үстелдің жұмысына белсенді атсалысқан стейкхолдерлер, Қостанай қаласының оқу орындарының мұғалімдері (лицей-мектеп №1, IT лицей «Озат», ОМ№17, №5, №6, Физико-математикалық лицей, Қостанай қ. ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері) «Биология» ББ профессорлар-оқытушылар ұжымы, 2-3 курс студенттері.

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар жылдам қарқынмен дамып келе жатқандықтан көру жүйесі үнемі жоғары жүктемелер арттырылып отыр. Оқу материалының өспелі көлемі, компьютермен жұмыс істеу, сондай-ақ жалпы аурулар, гиподинамия, тұқым қуалайтын көз аурулары көрудің бұзылуына әкелуі мүмкін. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, 2020 жылдың 4 наурызында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ жаратылыстану-математика факультетінің 2-курс студенттері қазақ бөлімінің "Биология" мамандығының аға оқытушысы Ж. Т. Сүйіндікованың жетекшілігімен "Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз" әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында білім алушылардың көзқарасын сақтауға бағытталған "Көз - адамның айнасы" атты іс-шара өткізілді.

2020 ж. 26 ақпанында ИР және КТ кафедрасының аға оқытушысы Даулетбаева Г.Б. «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 10 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде «Болашақ елінің тірегі - рухы асқан зияткердің қалауы» қалалық конференциясы аясында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Бұл конференцияға оқытушы «Физика.Информатика» секциясының қазылар алқасы ретінде шақырылды.
Оқытушы университет туралы, білім беру бағдарламалары, ҚМПУ-да оқудың артықшылықтары туралы ақпарат берді.

21 ақпан 2020 жылы жаратылыстану-математика факультеті жаратылыстану ғылымдары кафедрасының 2-3 курс студенттерімен кафедра апталығы аясында көптілділік орталығымен бірлесіп, ағылшын тілінде «It's Game» интеллектуалды ойыны өтті. Бұл ойынды ұйымдастырушылар жаратылыстану кафедрасының оқытушылары: Губенко М.А., Баймағанбетова Б.Б., Бобренко М.А., Божекенова Ж.Т., Коваль В.В., Кожмухаметова А.С., Таукелов Ч.А. , сонымен қатар көптілділік орталығының жетекшісі Абишева С.К.

21 ақпан 2020 ж. Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің негізінде 9-11 сынып оқушылары арасында алғашқы аймақтық роботты техника бойынша облыстық олимпиада өткізді Бұл іс-шараны Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы келесі мақсатта ұйымдастырды:негізгі жалпы және орта білімнің жалпы білім беретін бағдарламаларын меңгеріп жатқан оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын анықтау және дамыту; дарынды балаларды қолдау үшін қажетті қолайлы жағдай жасау; жастар арасында ғылыми білімді тарату және дәріптеу; тұлғаның қалыптасуының бастапқы кезеңдерінде жастардың кәсіптік бағдарлануы болып табылады.

2020 жылдың 21 ақпанында Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының апталығы аясында «География» мамандығының студенттері арасында «Әлеуметтік география – қолданбалы зерттеулер» тақырыбы бойынша ғылыми тыңдалым өтілді. Ғылыми тыңдалымның мақсаты – студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатыстыру. Бұл шараның ұйымдастырушылары жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушылары Баймағанбетова К.Т. және Ахметова Э.Б.

Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының апталығы аясында 2020 жылдың 18 және 20 ақпанында профессор-оқытушылар құрамының биология ғылымдарының докторы, профессор Т.М. Брагина, биология магистрі, аға оқытушы, Ғылым және халықаралық қатынастарды басқару ғылыми орталығының жетекшісі М.А. Бобренко және биология магистрі, аға оқытушы М.М. Рулёва Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 2 мектептің жоғары сынып оқушылары мен «Биология» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенттеріне арналған «Биологиялық әртүрлілікті зерттеудің инновациялық молекулярлы-генетикалық әдістері» мастер-классы өткізілді.

2020 жылдың 19-шы ақпаны күні жаратылыстану ғылымдары кафедрасында әдістемелік апта аясында «Орта мектепте жаңартылған мазмұнды білім беру бағдарламаларын игеруге адаптациялану механизмдері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының орта мектеп бағдарламалары мазмұнын ескерумен қалыптасу мүмкіндіктерін талдау; жоғары оқу орнында және мектепте білім беруді жетілдіру сұрақтарын талдау, пікір және тәжірибе алмасу болды. Семинарға мектеп мұғалімдері шақырылды: Жумагулова Қ.Ж. - химия пәні мұғалімі, Зейнуллина М.Ж. – география пәні мұғалімі (Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат); Демесенов Б.М. - биология пәні мұғалімі, Садвакасов А.Ж. - география пәні мұғалімі (Қостанай қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі); Нугуманова К.А. – химия пәні мұғалімі, Төлеміс Ж.С. - биология пәні мұғалімі (ақпараттық технологиялардың мамандандырылған «Озат» мектеп-лицей-интернаты). Семинарға 3 курс студенттері қатысты (химиктер, биологтар, географтар).

2020 жылдың 18 ақпанында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының әдістемелік апталығы жарқын оқиғамен толықтырылды. Кафедра профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Әбдіқалықова Қалимаш Ахатқызы "Химия" мамандығының 3 курс студенттерімен "Көмірсулар: альдегидспирттер және кетоспирттер" тақырыбында "Органикалық молекулалардың функционалдық туындылары химиясы" пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Профессор үшін ашық сабақ – әдеттегі құбылыс, бірақ бұл сабақты стандартты деп атауға болмайды. Сабақ атмосферасын жаңарту рухы студенттік ортаға да таралады. Қалимаш Ахатқызы - тәжірибелі тәлімгер, мектеп сабақтарына жиі барады, қазіргі сабақтың оң және проблемалық жақтарын біледі. 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті