«Әлеуметтік география – қолданбалы зерттеулер» тақырыбы бойынша студенттердің ғылыми тыңдалымы

2020 жылдың 21 ақпанында Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының апталығы аясында «География» мамандығының студенттері арасында «Әлеуметтік география – қолданбалы зерттеулер» тақырыбы бойынша ғылыми тыңдалым өтілді. Ғылыми тыңдалымның мақсаты – студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатыстыру. Бұл шараның ұйымдастырушылары жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушылары Баймағанбетова К.Т. және Ахметова Э.Б.

Дайындалған ғылыми жұмыстармен төртінші курс студенттері Қайрат Аяулым, Есеналина Айгерім, Юлия Митрофоненко және екінші курс студенттері Анна Базилевская, Кадиша Маканова баяндама жасады. Бұл шара «География» мамандығының 2-4 курс студенттеріне арналған.

Іс-шара барысында студенттер ғылыми баяндамаларды мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, айтылған мәселелерді белсенді талқылады. Ғылыми тыңдалым жоғары зияткерлік деңгейде өтті.

21 02 2020e1

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті «Әлеуметтік география – қолданбалы зерттеулер» тақырыбы бойынша студенттердің ғылыми тыңдалымы