ЖОО мен мектептің байланысы – білім беру бағдарламаларын жетілдірудің бір жолы
- Подробности
- Опубликовано: 19 февраля 2020
2020 жылдың 19-шы ақпаны күні жаратылыстану ғылымдары кафедрасында әдістемелік апта аясында «Орта мектепте жаңартылған мазмұнды білім беру бағдарламаларын игеруге адаптациялану механизмдері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының орта мектеп бағдарламалары мазмұнын ескерумен қалыптасу мүмкіндіктерін талдау; жоғары оқу орнында және мектепте білім беруді жетілдіру сұрақтарын талдау, пікір және тәжірибе алмасу болды.
Семинарға мектеп мұғалімдері шақырылды: Жумагулова Қ.Ж. - химия пәні мұғалімі, Зейнуллина М.Ж. – география пәні мұғалімі (Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат); Демесенов Б.М. - биология пәні мұғалімі, Садвакасов А.Ж. - география пәні мұғалімі (Қостанай қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі); Нугуманова К.А. – химия пәні мұғалімі, Төлеміс Ж.С. - биология пәні мұғалімі (ақпараттық технологиялардың мамандандырылған «Озат» мектеп-лицей-интернаты). Семинарға 3 курс студенттері қатысты (химиктер, биологтар, географтар).
Жумагулова Қ.Ж., Нугуманова К.А., Демесенов Б.М. және Садвакасов А.Ж. Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ «Химия», «Биология» және «География» білім беру бағдарламаларының эксперттері болып табылады.
Семинар модераторы х.ғ.к. Таурбаева Г.У. кіріспе сөзбен бастап, шақырылған мұғалімдерді таныстырды, олардың жетістіктеріне қысқаша тоқталып кетті. Талқылауға арналған сұрақтарды белгілей отырып, 3 курс студенттерінің өткен педагогикалық практикасының нәтижелеріне талдау жасады, болашақ мұғалімдердің сабақ жүргізуіндегі кейбір оң және теріс тұстарын көрсетіп өтті. Сонымен қатар кафедра оқытушыларының студенттердің болашақ мамандығына дайындығын күшейту үшін өз сабақтарын қалай қайта қарастырып жүргендерін де айтып кетті.
Шақырылған мұғалімдер мектепте жаңартылған мазмұнды білім беру Бағдарламасын жүзеге асыру аясында химия, биология, география пәндерін оқыту жөніндегі жұмыс тәжірибесімен алмасты. Мысалы, Демесенов Б.М. генетиканы оқытуда математикалық әдістерді қолдануы туралы айтты және ЖОО-ның «Биология» оқу бағдарламасына мүмкіндігінше пән ретінде математиканы енгізу орынды екені туралы пікір білдірді.
Садвакасов А.Ж. білім алушылардың аналитикалық талдау дағдыларын дамыту мүмкіндіктері туралы айтты, Зейнуллина М.Ж. және Төлеміс Ж.С. мектепте оқу құралдары мен материалдар жетіспеуі немесе болмауы жағдайында зертханалық сабақтар өткізу тәжірибесімен бөлісті.
Жумагулова К.Ж. және Нугуманова К.А. Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ химия бөлімімен оқушылардың ғылыми жұмысын ұйымдастырып, өткізу және пәндік олимпиадаларға дайындау бағытындағы қарым-қатынастары туралы мағлұмат берді. Бұл мұғалімдер де «Химия» білі беру бағдарламасына математика және физика пәндерін енгізу қажеттілігі туралы ұсыныстарын жасады.
Жалпы мектеп мұғалімдері ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының мазмұны туралы оң пікір білдірді, олар жыл сайын сыртқы жағдайлардың ескерілуімен жетілдіріліп отыратынын атап кетті. Мысалы, «Химия» бағдарламасына мектепте оқытылатын «Жаратылыстану» пәні енгізілген.
Мектеп мұғалімдерінің баяндамалары аудиторияда қызу пікірталас тудырды, сұрақтарды талқылау конструктивті болды, мұғалімдерге сұрақтар қойылды.
Семинар соңында п.ғ.к. Чернявская О.М. және х.ғ.к. Абдыкаликова К.А. сөз алды, олар пәндік білім мұғалімнің жоғары біліктілігінің басты факторы екенін тағы бір айтып өтті, сондықтан аудиторияда отырған студенттерге сабақ жүргізуде қолданылатын технологиялардың саны емес, сапасы болу керек екеніне баса назар аударды.
Семинар модераторлары: х.ғ.к. Таурбаева Г.У., б.ғ.к. Бородулина О.В. және география магистрі, аға оқытушы Омарова К.И.