«Болашақ елінің тірегі - рухы асқан зияткердің қалауы» қалалық конференциясы аясында кәсіптік бағдар беру

26 02 2020 i

2020 ж. 26 ақпанында ИР және КТ кафедрасының аға оқытушысы Даулетбаева Г.Б. «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 10 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде «Болашақ елінің тірегі - рухы асқан зияткердің қалауы» қалалық конференциясы аясында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Бұл конференцияға оқытушы «Физика.Информатика» секциясының қазылар алқасы ретінде шақырылды.
Оқытушы университет туралы, білім беру бағдарламалары, ҚМПУ-да оқудың артықшылықтары туралы ақпарат берді.

Студенттерге университет туралы барлық ақпаратты қамтитын ақпараттық буклеттер таратылды. 9-11 сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдеріне ақпараттық парақшалар, буклеттер, университет және оқу бағдарламалары туралы брошюралар және қағаздағы басқа да ақпараттық материалдар таратылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті «Болашақ елінің тірегі - рухы асқан зияткердің қалауы» қалалық конференциясы аясында кәсіптік бағдар беру