Мастер-класс «Биологиялық әртүрлілікті зерттеудің инновациялық молекулалы-генетикалық әдістері»
- Подробности
- Опубликовано: 20 февраля 2020
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының апталығы аясында 2020 жылдың 18 және 20 ақпанында профессор-оқытушылар құрамының биология ғылымдарының докторы, профессор Т.М. Брагина, биология магистрі, аға оқытушы, Ғылым және халықаралық қатынастарды басқару ғылыми орталығының жетекшісі М.А. Бобренко және биология магистрі, аға оқытушы М.М. Рулёва Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 2 мектептің жоғары сынып оқушылары мен «Биология» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенттеріне арналған «Биологиялық әртүрлілікті зерттеудің инновациялық молекулярлы-генетикалық әдістері» мастер-классы өткізілді.
Мастер-класстың бірінші кезеңінде БрагинаТ. М. жиналғандарға жәндіктерді зерттеудің инновациялық молекулярлы-генетикалық әдістерін жасау жөніндегі халықаралық жоба туралы айтып берді.CPEA-LT-2016/10140 жобасының қолдауымен және Норвегияның білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық орталығының (SIU) қаржыландыратын бағдарламасына Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Ресей, Молдова, Украина университеттерінің профессорлары қатысты. Осы гранттың арқасындамастер-класс ұйымдастырушылары 2019 жылдың ақпан айында Осло табиғи тарихы музейінде (Норвегия) ғылыми тағылымдамадан өтуге бірегей мүмкіндік алды. Татьяна Михайловна генетикалық зерттеулердің маңыздылығы, ДНҚ-ны штрих-кодтау әдісі және қазіргі генетика жетістіктері туралы айтты. Жануарлар әлемін қазіргі заманғы жіктеу, барлық тіршілік иелерінің эволюциялық дамуы туралы мәселе айрықша маңызды болды.
Рулёва М. М. баяндамасы молекулалық биология негіздеріне, ДНҚ құрылымына және генетикалық ақпараттың берілуіне арналды. ДНҚ талдауының негізгі кезеңдеріне баса назар аударылды: материалды дайындау, экстракция, ПТР, гель электрофорезі, ExoStar (тазарту сатысы), секвенирлеуге дайындық.
Мастер-класстың екінші кезеңінде Бобренко М.А. қатысушыларды CodonCodeAligner, MEGA компьютерлік бағдарламаларын пайдалану мүмкіндіктерімен таныстырды. Студенттер контиг жинауды, генетикалық банкпен жұмыс істеуді және ДНҚ тізбегі негізінде жәндіктердің түрлерін анықтауға мүмкіндік алды.