Жоғары дәрежедегі біліктілік және өз ісіне берілу - әр күннің нормасы!
- Подробности
- Опубликовано: 18 февраля 2020
2020 жылдың 18 ақпанында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының әдістемелік апталығы жарқын оқиғамен толықтырылды. Кафедра профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Әбдіқалықова Қалимаш Ахатқызы "Химия" мамандығының 3 курс студенттерімен "Көмірсулар: альдегидспирттер және кетоспирттер" тақырыбында "Органикалық молекулалардың функционалдық туындылары химиясы" пәні бойынша ашық сабақ өткізді.
Профессор үшін ашық сабақ – әдеттегі құбылыс, бірақ бұл сабақты стандартты деп атауға болмайды. Сабақ атмосферасын жаңарту рухы студенттік ортаға да таралады. Қалимаш Ахатқызы - тәжірибелі тәлімгер, мектеп сабақтарына жиі барады, қазіргі сабақтың оң және проблемалық жақтарын біледі. Педагогикалық ЖОО-ның оқытушылары студенттер үшін жаңартылған педагогикалық әдіс-тәсілдерді ойластырудың және сабақ өткізудің маңызды мысалы болып табылады деп есептейді. Сондықтан ол өткізген сабақ баға жетпес академиялық тәжірибе мен сын тұрғысынан ойлауды дамытудың заманауи техникаларын біріктіру болды. Диалогтық оқытуды қолдана отырып, шебер құрылған дәріс студенттердің тиімді кері байланысын және нәтижесінде көмірсулар әлемінің көптеген ұғымдарын, логикалық себеп-салдар байланыстарын толық меңгеруін көрсетті.
Қалимаш Ахатқызы, пән әдістемелік емес екеніне қарамастан, студенттердің алдағы кәсіби қызметіне үнемі бағдар беріп отырды, молекулалық құрылыстың кейбір күрделі сәттерін қалай түсіндіру керек, оқушыларға терминдердің қандай ерекшеліктерін қалыптастыру керектігін түсіндірді . Нәтижесі – студенттердің абсолюттік назары, рефлексивті дайындық.
Барлығы да - студенттер мен оқытушылар - осындай терең мағаналы сабақтар өз ісінің шебері, өз ісіне берілген және жауапкершілігі зор адам Қалимаш Ахатқызы Әбдіқалықова үшін кәсіби норма екенін атап өтті. Құрметті ұстаз, Сізге көп рахмет!