Химияны оқыту әдістемесі мәселелерін зерттеу Орталығындағы кездесу

 

Кез келген оқушының мектептегі білім алу жетістіктері неден басталады? Оның жағдайларын ұзақ айтуға болады, бірақ ең маңызды шарт мұғалімді сапалы дайындау, оның саналы кәсіби құзіреттілігі екені сөзсіз.

2020 жылдың 10-шы наурызы күні жаратылыстану ғылымдары кафедрасының химияны оқыту әдістемесі мәселелерін зерттеу Орталығы «Химия», «Химия-Биология» білім беру бағдарламалары стейкхолдерлерінің кездесуін өткізді. Білім беру бағдарламаларының профессор-оқытушылар құрамы, жұмыс берушілер, облыстың тәжірибелі және жас мұғалімдері, студенттер мұғалімдерді дайындауды жақсарту ресурсын талдады. 

Химияны оқытуда жақсы жетістіктерге жетіп жүрген Дирр О.Ю. (Қостанай қаласының физика-математикалық лицейі директорының орынбасары), Нугуманова К.А. (ақпараттық технологиялардың мамандандырылған «Озат» мектеп-лицей-интернатының химия пәні мұғалімі) «Химия», «Химия-Биология» бағдарламаларының студент талаптарын өтеуге бағытталғанын атап көрсетті. С. Мәуленов атындағы гимназияның химия пәні мұғалімі Алматова А.Т. білім беру бағдарламаларының жеке тұлғаның білім алу қажеттілігіне бағытталу деңгейінің жоғары екенін, қызығушылығы, білім деңгейі әртүрлі студенттерге өзінің оқу траекториясын жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Рудный қаласы № 10 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі Демин И.С. бағдарламаларда студенттерге ұсынылатын «Компьютерлік химия», «Химиядағы компьютерлік технологиялар» интеграцияланған курстары қазіргі күн талаптарына сәйкес келетінін және болашақ маманның кәсіби дайындығының маңызды бөлігін құрайтынын айтып кетті.

Аталған оқу бағдарламаларына жыл сайын абитуриенттерді жіберіп отыратын Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебінің мұғалімі Баймолдина Ж.Б. және Қостанай қаласы № 28 мектебінің мұғалімі Кайпбаев Ш.М. студенттерді болашақта дарынды балалармен жұмыс істеуге дайындауда бағдарламалардың потенциалы жоғары екенін көрсетті.
Кафедраның соңғы жылдар түлектері, жас химия пәні мұғалімдері мамандыққа бейімделу тәжірибесімен бөлісті, олармен қарым-қатынас үзілген емес.

Қазіргі студенттер әңгімеге тартылды, «Химия», «Химия-Биология» бағдарламаларының бакалавриаттан кейін әрі қарай дамуға мықты фундамент қалыптастырудағы мүмкіншіліктері аталды. Талдау нәтижелері бойынша жасалған ұсыныстар 2020-2024 жылдары оқуға арналған бағдарламаларды құрастыруда ескеріледі.

Чернявская О.М., п.ғ.к., қауымд. профессор
Таурбаева Г.У., х.ғ.к., қауымд. профессор

 

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті Химияны оқыту әдістемесі мәселелерін зерттеу Орталығындағы кездесу