9-11 сынып оқушылары арасында роботтты техника бойынша облыстық олимпиада
- Подробности
- Опубликовано: 21 февраля 2020
21 ақпан 2020 ж. Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің негізінде 9-11 сынып оқушылары арасында алғашқы аймақтық роботты техника бойынша облыстық олимпиада өткізді Бұл іс-шараны Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы келесі мақсатта ұйымдастырды:• негізгі жалпы және орта білімнің жалпы білім беретін бағдарламаларын меңгеріп жатқан оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын анықтау және дамыту;
- дарынды балаларды қолдау үшін қажетті қолайлы жағдай жасау;
- жастар арасында ғылыми білімді тарату және дәріптеу;
- тұлғаның қалыптасуының бастапқы кезеңдерінде жастардың кәсіптік бағдарлануы болып табылады.
Қазылар алқасына 35-тен астам өтініш түсті. Ережеге сәйкес, олимпиада 3 турдан тұрады: 1 тур (сырттай) - берілген тақырып бойынша эссе жазу, 2 тур – есептерді шешу және 3 тур - жобаны қорғау (роботтың презентациясы).Әр тур 100 ұпаймен бағаланды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша 1 орынға Қостанай ауданы Тобыл қаласының Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Досмағамбетов Ернар.
2 орынға:
- Лизункин Виктор, Қостанай қаласы №7 орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
- Ляхов Виктор, Қостанай қаласы №7 орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
- Шамшадинов Адильжан, Қостанай қаласы С. Мәуленов атындағы гимназиясының 11 сынып оқушысы.
3 орынға:
- Айдарбекова Айслу, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 9 сынып оқушысы;
- Батаа Харжаубай, Алтынсарин ауданы Ы. Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- Женисбеков Руслан, Рудный қаласы Б. Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы ие болды.
Турнирдің барлық қатысушылары сертификаттар алды, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге – грамоталар табысталды.