"Көз-адамның айнасы" -зияткерлік ойыны

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар жылдам қарқынмен дамып келе жатқандықтан көру жүйесі үнемі жоғары жүктемелер арттырылып отыр. Оқу материалының өспелі көлемі, компьютермен жұмыс істеу, сондай-ақ жалпы аурулар, гиподинамия, тұқым қуалайтын көз аурулары көрудің бұзылуына әкелуі мүмкін. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, 2020 жылдың 4 наурызында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ жаратылыстану-математика факультетінің 2-курс студенттері қазақ бөлімінің "Биология" мамандығының аға оқытушысы Ж. Т. Сүйіндікованың жетекшілігімен "Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз" әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында білім алушылардың көзқарасын сақтауға бағытталған "Көз - адамның айнасы" атты іс-шара өткізілді.

Іс-шара ойын түрінде өтті. Ойын қатысушылары екі топқа бөлінді. Ойын 5 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде 10-нан 60 баллға дейін бағаланған тапсырмалар болды. Көруді сақтау мен нығайтудың маңызды шарты-үнемі көру гимнастикасымен айналысу болып табылады. Үзілістерде көру мүшесін жақсарту үшін жаттығулар өткізілді. Қорытынды жасай отырып, әділ қазылар алқасы жеңімпаз команданы анықтады, жүргізушілер студенттерге көрудің бұзылуының алдын алу ережелері мен жаттығулары бар ескертпелерді таратты. Ойынды философ Морис Мерло-Понтидің "Көз жаннан тыс өмірдің барлығын ашатын ең кереметі "деген сөзімен аяқтады.

Көздеріңізді сақтаңыздар!


Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз