"Физиктер-лириктер" шығармашылық іс-шарасы
- Подробности
- Опубликовано: 11 апреля 2019
11 сәуір күні сағат 14.30-да "Физик-лирик" атты шығармашылық іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты: "5В011000 - Физика" мамандығы студенттерінің шығармашылық потенциалын дамытуға, ұжымның бірігуіне ықпал ету.
Іс-шара басында кафедра меңгерушісінің м.а. О. Телегина 9 сәуір күні өткен физика және астрономия бойынша олимпиаданың қорытындысын шығарды.
Олимпиада нәтижелері:
- 1 орын-Бақытова Ақерке (Физ-16-11)
- 2 орын: Қуанышбаева Нурсулу( Физ-16-11), Устимирова Лаура (Ф15-21)
- 3 орын: Кеншібек Бегайым (Физ-16-11), Урманова Рысалды (Физ-16-21), Казымбекова Айгерим (Физ-15-21).
Жеке сыйлықпен Белянкин Александр (Физ17-31) марапатталды.
Үш күн бойы зияткерлік тапсырмалар ілінді: сөзжұмбақтар, анаграммалар, ребустар, есептер. Олардың нәтижесі бойынша ең белсенді ойшылдары 3 курс физиктері де марапатталды.
"Физиктер-лириктер" шығармашылық іс-шарасы 4 номинация бойынша конкурс түрінде өтті: ән, би, көркем сөз, ерекше жанр.
"Ән" номинациясы бойынша студенттер қазақ тілінде (домбыраның сүйемелдеуімен дәстүрлі ұлттық ән Туткушев Алмаз - Физ-17-31), орыс тілінде (Даулеткан Жұлдыз, Урманова Рысалды - 3 курс физиктері) және ағылшын тілінде (Маратова Надира – Физ-17-31 тобы) әндер орындады.
Дәулетқан Жұлдыз жоғары кәсіби деңгейде өнер көрсетті.
Физ-17-21 тобы физика бойынша тақырыптық ән айтып, презентация жасады.
"Би" номинациясы бойынша халық хореографиясы (қазақ және өзбек биі) және заманауи би.
Заманауи би санатында Ф16-11 және Ф17-11 топтарының барлық студенттері қатысты.
Халық биі санатында: ерекше икемділік, ырғақ және әсемдік сезімін Хилола Маменова (Ф17-11) және Диана Ермагамбетова (Ф16-21) көрсетті.
"Көркем сөз "номинациясы бойынша сөз сөйлеулер қазақ және орыс тілдерінде болды. Студенттер орындаушылық шеберліктің әртістігі мен жеке стилін, репертуарды таңдаудың өзіндік ерекшелігі мен бірегейлігін, өнер көрсету кезінде аудиторияның назарын ұстай білуін көрсетті.
Байқау номинациясының басталуын Сармурзина Аида Б. Слуцкийдің "физика және лирика" өлеңімен ашты.
«Жетім қыздың монологы» көркем проза Жұлдызбекова Зарина (Ф16-11) әр көрерменнің жан сырын қиды. Раушан Балжан «Уақыттың қадірі» шығармасымен ерекше мәнерлі көрсетті. "Ерекше жанр" номинациясы бойынша 5 топ қатысты. Барлық студенттер осы байқауға әзілмен келіп, әр нөмірде керемет болды. Барлық топтар физикамен ("Екі құрбылар мен электр тогы" қойылымы, музыка мен бимен фокустар және тәжірибелерді көрсетуі) және математикамен, мектептегі (сабақта көрініс) және университеттегі (математик пен бухгалтер қойылымы) жұмыс істерімен байланыстырды. Бұл байқауда ең мықтыны таңдау өте қиын болды.
Марапаттау:
- "Ән" номинациясында Урманова Рысалды (Физ-16-21)
- "Би" номинациясы бойынша Маменов Хилола (Физ-17-11)
- "Көркем сөз" номинациясы бойынша Жулбекова Зарина (Физ-16-11)
- "Ерекше жанр" номинациясы бойынша Физ-17-21 тобы жеңіске жетті
- "Физик-лирик" Гран-приін Физ-16-11 тобының студенттері алды.
- "Физиктер-лириктер" сайысы бір демде өтті, барлығына өте ұнады.