Наталия Веняминовна Важеваның мерейтойы
- Подробности
- Опубликовано: 26 апреля 2018
Жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында 2018 жылдың 26-шы сәуір күні педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Наталия Веняминовна Важеваның мерейтойын атап өту салтанатты іс-шарасы өткізілді.
Наталия Веняминовна Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында 1972 жылдың қыркүйек айынан бастап аға лаборант болып жұмыс жолын бастады, одан кейін оқытушы, аға оқытушы, биология-химия факультетінің деканы, жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы, химия кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды, қазіргі кезде – жаратылыстану ғылымдары кафедрасының доценті. Барлық саналы өмірін химия ғылымының негіздерін студенттерге үйретіп, оларды тәрбиелі, еңбексүйгіш азаматтар ретінде тәрбиелеуге арнаған Наталия Веняминовна өте қарапайым, жоғары интеллигентті адам болып табылады. Оның кәсіби шеберлігі қазіргі кезде де кафедра, факультет ұжымының жұмысы үшін өте қажет.
Мерейтой иесін академиялық жұмыс және әлеуметтік сұрақтар бойынша проректор Мұсабекова Гүлвира Айдарханқызы, ардагерлер кеңесінің, кәсіподақ ұйымының өкілдері, жаратылыстану-математика факультетінің деканы Сухов М.В., кафедра ардагерлері, түлектер және студенттер құттықтады. Мерейтой иесіне көптеген жүрекжарды тілектер айтылды, өлеңдер оқылды, әндер айтылды.
Аса құрметті Наталия Веняминовна, туған күніңіз құтты болсын! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға аманшылық тілейміз! Әлі де көптеген жылдар «Химия» мамандығының болашағы үшін еңбек ете беруіңізді тілейміз.