ҚМПИ профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Әбіхалықова Қ.А. кездесу
- Подробности
- Опубликовано: 16 октября 2017
16 қазанда облыстық «Алау» телеарнасының «Көкейтесті сұхбат» атты бағдарламасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Әбіхалықова Қалимаш Ахатқызымен кездесу өтті. «Мұғалімдер күні» қарсаңында институттың бірнеше ұстаздары Ы. Алтынсарин медалімен марапатталған болатын. Солардың бірі - осы институтта 40 жылдай қызмет атқарған – Қалимаш Ахатқызы. Сұхбат барысында журналист қазіргі кезеңде оқу-білім саласында болып жатқан өзгерістерге орай бірнеше көкейтесті сұрақтарға жауап алды. Соның ішінде қазіргі таңда жаратылыстану мамандықтарына деген қызығушылық, үш тілділікті жетілдіру, химия мамандарына сұраныс туралы және ғылыми ізденістерге деген жас студенттердің көзқарастары туралы Қалимаш Ахатқызымен ой бөлісті.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Химия» мамандығының студенттері бүгінгі күнде сапалы білімдерімен көзге түсіп, Қазақстанның түпкір-түпкірінде жемісті қызмет атқарып жүр. Бүгінде Назарбаев Зияткерлік мектебі оқытушыларының көпшілігі – осы институттың түлектері. Осы мамандықты тәмамдаған түлектердің ішінде химия ғылымдарының докторы Ибраев Марат, Махмутова Алмагүл, Бөкеева Ақбота сияқты химия ғылымдарының кандидаттарымен мақтанамыз. Бүгінгі күнде химия мамандықтарына деген сұраныс жоғары.