«Денсаулық сақтау құқығы»

2017 жылдың 23 қарашасында Жаратылыстану-математика факеультетінде ҚР ЖҚТБмен күресу Әлемдік Кампаниясының аясында «Денсаулық сақтау құқығы» атты семинар-тренингі өтті. Бұл іс-шара АҚТҚ / ЖҚТБ жастардың назарын аудару, білімдерін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатымен өткізіліп отыр.

Денсаулық – адамның ең қымбат құндылығы, оны сақтау және жақсарту әрбір адамның өз қолында. Аталмыш іс-шараның шақырылған қонақтары студенттерге АҚТҚ мен ЖҚТБ берілу және таралу жолдары туралы, бұл аурулардың алдын алу мүмкіндіктері туралы баяндады. Балаларға қызықты, әрі пайдалы бейнероликтер көрсетілді. Өз кезегінде, студенттер алған жаңа білімдерін суреттер мен плкаттар ретінде бейнеледі. Біз бұл семинар-тренинг шәкірттеріміз үшін маңызды және пайдалы болатынына сенеміз және барлығына да мықты денсаулық тілейміз!

23-11-17

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз