«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»
- Подробности
- Опубликовано: 10 ноября 2017
Жаратылыстану кафедрасында 2017 жылдың 10 қазан күні «Мұғалімдерді кәсіби бағдарлау» пәні бойынша «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында ашық дәріс сабағы аға оқытушымен Баубекова Г.К. өтті. Ашық дәріс сабағына жаратылыстану кафедрасының Кожмухаметова А.С., Суюндикова Ж.Т., Баймаганбетова К.Т. мұғалімдері қатысты. Дәріс оқу барысында лектор жаңа әдістерді қолданды (диолог, әңгімелесу, ізденіс жұмыстары, жаңа технологиялық әдістерді сыни тұрғыдан ойлау). Дәріс сабақтың мақсаты – негізгі теориялық ережелерді меңгеру, қазіргі таңдағы білім беру жүйесіндегі бағалау түрлері, оқыту шеңберіндегі модуль бойынша бағалау критерийін жасай білу. Сабақтың міндеттері – модульдік шеңберде пайдаланылатын, бағалау түрлерін үйрену (ағымдағы, қорытыңды); формативті және суммативті бағалау жүйесіне бағалау критерийін әзірлеу; «НЗМ» АҚ орыс тілі пәнінің мұғалімі О.Бояркинаның критериалды бағалау бойынша бейне дәрісін тәжірибе ретінде қолданылды.
Студенттер дәрістің тақырыбын талқылауға белсенді қатысты,жұмыс дәптерлеріне слайдта көрсетілгендерді жазып алды,кішігірім топтарда бағалау критерийі және транслировали түрлері бойынша класстер құрды, SMART жоспар құруды үйренді, оқытуда қолданылатын бағалау критерийі бойынша ұсынылған тақырыпты пысықтады. Бояркина О. бейне дәрісіндегі «НЗМ» мектебіндегі бағалау критерийі тәжірибені іске асыру жайындағы фрагменттерді пайдалана отырып . Сабақтың соңында «Жуан және жіңішке» әдісі бойынша сұрақтар құрастырылды, студенттер дәрістің тақырыбының мәнді идеяларын жазып алды.