«Қазіргі кездегі білім беру және жаратылыстану ғылымдары бойынша білімділік» атты дөңгелек стол жұмысы
- Подробности
- Опубликовано: 06 ноября 2017
Жаратылыстау-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында 2017 жылдың 6-шы қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Қазіргі кездегі білім беру және жаратылыстану ғылымдары бойынша білімділік» атты дөңгелек стол іс-шарасы өткізілді.
Мақсаты – жаратылыстану пәндері бойынша орта білім берудің жаңартылған бағдарламасы бойынша кейбір сұрақтарды талдау. Міндеттері – кафедра оқытушылары мен жоғары курс студенттерінің жаңартылған бағдарламаны талдау жұмысын ұйымдастыру, мектептің химия сабақтарында оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту әдістерін саралап, өз пікірлерімен бөлісу.
Дөңгелек стол жұмысына кафедра оқытушылары және «Химия» мамандығының 1-4 курс студенттері қатысты. Х.ғ.к. Абдыкаликова К.А. және п.ғ.к. Важева Н.В. өз жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, болашақ химия мұғалімдерін оқытудың қазіргі жағдайына тоқталып кетті. ҚР Президентінің айтуынша, «жастар өміріндегі іс-әрекеттер ішіндегі ең бастысы білім алу болуы тиіс». Сондықтан оқу орындарының саясаты қазіргі заман талаптарына сай өзгеріп отырады. Оқушыларға білім беруге деген көзқарас өзгереді, білім беру жүйесінің өзіне, оқытудың әдіс-тәсілдеріне өзгерістер енгізіледі. Қазіргі негізгі көзқарас – бұл оқыту емес, өз бетінше оқуға үйрету. Оқуға деген ынта мен пәнге деген қызығушылықты дамыту қажет. Бала қоршаған ортаның тез өзгеріп жатқан жағдайларына дайын, аса көп ақпарат ішінен өзіне қажетін таңдай біліп, болашақта кез келген заман талаптарына жауап бере алатын маман болуы керек».
Оқытушы Кобец Т.С. баяндамасы «Функционалдық сауаттылық – мектепте білім берудің жаңа моделі» деп аталды және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі бағдарламаның негізгі аспектілерін көрсетуге арналды. Функционалдық сауаттылық– бұл адамның өзі өмір сүріп отырған қоғамымен байланыста бола отырып, қабілеттіліктерін таныта білуі.
Х.ғ.к. Таурбаева Г.У. және химия магистрі Ергалиева Э.М. студенттерді дайындаудың кейбір сұрақтарына тоқтала отырып, өз жұмыс тәжірибелерінен мысалдар келтірді.
Сонымен қатар жаңа форматтағы ҰБТ-ге дайындық (1 курс) және педагогикалық практика (4 курс) кезінде функционалдық білімділікті дамытуға бағытталған жаңа типтегі тапсырмалармен таныс болған студенттер өз ойларымен бөлісті.