«Тұңғыш Президент күні» іс-шарасы

2017 жылдың 28 қарашасы күні сағат 12.00–де 308 аудиторияда Информатика мамандығының 1 және 3 курстарының қазақ бөлімдерінде 1-желтоқсан күні мерекесіне арналған «Тұңғыш Президент күні» атты кураторлық сағат өткізілді.

«Тұңғыш Президент күні» куратор сағатының басты мақсаты: «Информатика» мамандығының студенттеріне тұңғыш Президенттің қолбасшылық қасиетін уағыздау, студенттердің бойына Президенттің отан сүйгіштігін, данышпандылығын, ізеттілігін сіңіру.

Студенттердің назарына арнайы дайындалған тұсаукесер, Елбасы туралы бейнеролик ұсынылды. И-37 тобының студенттері Төребекова Н. және Сәрсен Е. Елбасының Ұлт Көшбасшысы ретінде қалыптасуы туралы өмірбаянын баяндады. Алған ақпаратты бекіту үшін топтар арасында сұрақ жауап өткізілді. (Куратор: Айтбенова А.А.)

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз