Студенттердің (КДЗ) «Олимп» өкілдерімен кездесуі
- Подробности
- Опубликовано: 11 апреля 2018
2018 жылдың 11 сәуірінде жаратылыстану ғылымдары кафедрасының
814 аудиториясында сағат 11.30-да оқытушылар және 1-3 курс «Биология», «География» мамандығының студенттері "Олимп" клиникалық-диагностикалық зертхана (КДЗ) «Олимп» өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесудің тақырыбы: «Жыныстық жолмен берілетін аурулар және «Витаминдерің маңызы мен адам ағзасына әсері».
Дәрігер-эпидемиолог Байменова Сауле Ануарбекқызы және менеджері Нургельдиев Талғат Айсенұлы өте түсінікті және қызықты түрде салауатты өмір салтының маңыздылығын айтып, жастар арасында жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу, дәрумендер мен құрамында дәрумендер бар бар тағамдардың маңызын айтты.
Сұхбат беру барысында студенттер үшін көптеген өзекті мәселелер қарастырылды: жыныстық жолмен берілетін аурулардың таралу жолдары және дәрумендердің рөлі. Студенттер дискуссияға белсенді қатысып, сұрақтар қойды.
Аталған іс-шараның модераторы жаратылыстану ғылымдары магистрі, аға оқытушы Кожмухаметова А.С.студенттердің және оқытушылардың атынан СӨС желісі бойынша шақырылған дәріс жүргізгендерге алғыс айтты.
Іс-шарада қатысқандар: Ручкина Г.А., Бородулина О.В., Ахметчина Т.А., Рулева М.М.