«Қазіргі биологияның теориясы мен практикасы, методологиясы» студенттер мен жас ғалымдардың III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
- Подробности
- Опубликовано: 13 марта 2018
ҚМПИ Жаратылыстану-математика факультеті «Биология», «География» мамандықтарының студенттері 2018 жылдың 13 наурыз күні А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аграрлық-биология факультеті бтология және химия кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген«Қазіргі биологияның теориясы мен практикасы, методологиясы» студенттер мен жас ғалымдардың III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Конференция жұмысына Қазақстанның қалалары, таяу және қиыр шетелдердің ЖОО және ғылыми-зерттеу орталықтарының 140-тан аса өкілдері қатысты.
Конференцияның мақсаты - елдердің, аймақтардың, ғылыми-педагогикалық және зерттеуші ұжымдардың, сол сияқты жекелеген зерттеушілердің өзара зияткерлік білімдерін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызу болып табылады.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының бағдарламасы бойынша 6 секция жұмыс істеді, онда қазіргі биологияның теориясы мен практикасы, методологиясының өзекті мәселелері талқыланды.
Конференцияның әрбір секциясы жұмыстарының қорытындысы бойынша қазіргі биологияның теориясы мен практикасы, методологиясын оқытудағы ғылыми зерттеулер тақырыптары бойынша жақсы баяндамаларға мақтау қағазы берілді. «География» мамандығының 4 курс студенті Демесинова Мерей (ҚМПИ, Қостанай) «Биологияны оқыту әдістемесінің қазіргі сатысы» секциясында «Оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қызметі: болашағы мен проблемалары» тақырыбында (ғылыми жетекшісі- жаратылыстану ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрі – Баубекова Г.К.) баяндама жасап 1-орынды жеңіп алды.
«Биология» мамандығының 4 курс студенті Пушакова Олеся (ҚМПИ, Қостанай) «Адам және жануарлар физиологиясы мен анатомиясының бірнеше мәселелері» секциясында «ҚМПИ студенттері ағзасының морфологиялық және функциональдық ерекшеліктері» тақырыбында(ғылыми жетекшісі- жаратылыстану ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы, биология магистрі – Суюндикова Ж.Т.) баяндама жасап 3-орынды жеңіп алды.
Әріптестерімізді құттықтаймыз және табыс тілейміз.