ЖМФ тойлаған Наурыз мейрамы
- Подробности
- Опубликовано: 19 марта 2018
2018 жылғы наурыз айының 19 жұлдызында ҚМПУ жаратылыстану-математика факультетінде Наурыз мейрамын тойлауға арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Мерекелік бағдарламаны ұйымдастыру жауапкершілігі ең дарынды және тапқыр студенттердің мойнына жүктелді. Аудитория ортасында киіз үй орнатылып, ішінде керемет көктемгі атмосфера мен жайлылық орын алды.
Актерлік қабілеттері жоғары үздік студенттер Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлауға арналған көріністер ойнатып, көрермендерге жайдары көңіл күй сыйлады. Ұлттық нақыштағы, тамаша ою-өрнектер бейнеленген аспаптар мен киіз үй көрінісі де аталмыш іс-шараға жоғары дәрежелі ұлттық ерекшелік беріп отырды.
Наурыз мейрамында әр мерекелік дастарханның басында дәстүрлі Наурыз көженің орын алады. Бұл жеті қосындыдан құралатын ұлттық тағам. Құрамына ет, су, ұн, май, тары (күріш), тұх және сүт кіреді. Әр қосынды жеті маңызды өмірлік бастамаға сәйкес келеді: өсім, сәттілік, бақыт, байлық, денсаулық даналық және аспан жебеушілігі. Көрермендер де бұл тіл үйірерлік дәмдә тағамнан құр қалған жоқ.
Бүгінгі күні Наурыз мейрамы жалпыхалықтық көктем, достық пен бірлік мейрамына айналды. Қазірде бұл мереке байтақ Қазақстан Отанымыздың барлық тұрғындарына да ортақ, әрі қымбат болып табылады.