Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы көктемді «Құстар күнін» тойлап қарсы алады

1 сәуір барлық әлемде ресми түрде «Құстар күні» болып табылады. Жыл сайын ЖМФ жаратылыстану ғылымдары кафедрасында аталған мерекеге арналған іс-шаралар өткізіледі. Биылғы жыл да бұл дәстүр өз жалғасын тапты. 29 наурызда оқытушылар Брагина Т.М., Брагин Е.А., Рулева М.М., Бобренко М.А. және «Фмфи» бедвочерлер клубының белсенді мүшелері «Құстар күні-2018» іс-шарасы өткізілді.

Мерекені ашу құрметі дәстүрлі түрде ҚМПИ ЭБМ ҒЗО директоры, бедвочерлер клубының тәлімгері – Брагина Т.М., клубтың ғылыми кеңесшісі Брагин Е.А. және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі Ручкина Г.А. берілді.

Оған қоса, шәкірттерімізді құттықтау үшін университетіміздің бұрынғы оқытушысы, соңғы жылдардың үздік бедвочерлерінің бірі, қазір Назарбаев зияткерлік мектебінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі, биология мұғалімі Демесенов Б.М. келді.

Құттықтау сөздерінен кейін жүргізушілер құстар күнін тойлау дәстүрі туралы, оның пайда болу тарихы жайында айтты, «Жыл құсы – 2018» Шұбар тоқылдақ туралы және бұл түрді сақтауға бағытталған мемлекеттік іс-шаралар жайында хабарлады.

Қатысушылармен бірнеше сайыстардан тұрған қызықты ойын өткізілді. Ойын барысында 1 курс «Биология» мамандығының студенттері көрермендерге әсем ән мен нәзік Аққулар биін сыйға тартты.

День птиц

День птиц

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы көктемді «Құстар күнін» тойлап қарсы алады